Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай кәсіподақ мүшелеріне семинар ұйымдастырылды
Облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы Темір ауданында 28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай кәсіподақ мүшелеріне (мекеме басшылары, еңбекті қорғау инспекторлары, кәсіподақ төрағалары) семинар ұйымдастырылды. Семинарда облыстық кәсіподақ ұйымының заңгері А.Л. Алимпиев пен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі маман Н.Ы. Жетпісбай «Білім беру мекемелерінде еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуының негіздері» тақырыбында баяндамалар оқып, туындаған көптеген сұрақтарға заң аясында жауаптар берді. Меинар кезінде кәсіподақ мүшелеріне «Мен қандай басшымын» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Семинар соңында Н.Ы. Жетпісбай еңбекті қорғау инспекторларына куәлік табыстаса, А.Л.Алимпиев облыстық кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен еңбекті қорғау инспекторларымен марапаттап, қаржылай сыйақы табыстады.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ