Ырғыз ауданының білім беру мекемелерінде Еңбекті қорғау күніне арналған онкүндік өз дәрежесінде аталып өтті
Ырғыз ауданының білім беру мекемелерінде сәуірдің 28-ші жұлдызында Еңбекті қорғау күніне арналған онкүндік өз дәрежесінде аталып өтті.
Мектеп және балабақшаларда еңбек қауіпсіздігін сақтау, мақсатында төмендегідей шаралар атқарылды. Мектеп мұғалімдеріне, қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстел және арнайы оқыс оқиғаға байланысты лекция оқылды. Мектеп жанындағы интернатта тәрбиеленушілердің өмір қауіпсіздігін сақтау, мақсатында, арнайы түсінік жұмыстары жүргізілді. Оған тәрбиешілер,вахтёрлар,асхана қызметкерлері қатысып, қажетті мағлұматтар алды.
Аудандық кәсіподақ ұйымы Еңбекті қорғау күніне арналған онкүндікті қортындылап, жақсы істерімен нәтиже көрсетіп жүрген, бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы еңбек инспекторлары мен кіші қызметкерлерді алғыс хаттар және сыйақылармен марапаттады.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ