ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ КӨМЕГІ
Ағымдағы жылдың 25-28 сәуірі аралығында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» Орталық Комитетінің жұмыс тобы Атырау қаласында іс-сапарда болды. Құрамында қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Хамидолла Сағындықов, бас маман – еңбек бойынша құқықтық инспектор Райхан Қыдырбаева, бас есепші Гүлзира Тоқабаева және кеңсе меңгерушісі Мәдина Бейсембаевалар бар топтың мақсаты – салалық облыстық ұйым жұмысына жан-жақты әдістемелік-практикалық көмек беру.
Орталықтың бас мамандары облыстық қоғамдық бірлестіктің саяси-ұйымдастыру қызметіне, кәсіподақ мүшелерінің құқықтық жағынан қорғалуына, құжаттардың айналымы мен сапалы жасақталуына, қалалық, аудандық және бастауыш ұйымдарға практикалық-әдістемелік көмегін және қаржылық қызметтің дұрыстығына тексерулер жүргізді. Сондай-ақ, жұмысшы тобы Атырау қаласындағы И.Тайманов, Махамбет ауданындағы Береке орта мектептерінде болып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысымен танысты. Ұжым мүшелері тарапынан болған сан алуан сұрақтарға жауап берді. Мектеп басшылары мен кәсіподақ ұйымының жетекшілері Орталық Комитетінен келген топ мүшелерінің сапарына дән-риза болды.
Қылышбай ҚҰЛЖАНОВ, Атырау облысы
-
Фотографии
-