"Толағай" сайысы өткізілді
Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні Ақтөбе облысы Шалқар аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен қала мектептері арасында "Толағай" сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты Тұңғыш Президенттің "2019 жыл-Жастар жылы" ұсынысын қолдау және салауатты өмір салтын сақтау және дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу, ата-ана, оқушы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Спорттық сайысқа 7 жас отбасы қатысып, 7 шарт бойынша өзара жарысты. Қатысушы жас отбасылар бір мектепте жұмыс жасайтын мұғалімдер мен кіші қызметкерлер.Әділқазы мүшелері облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы А. Алимпиев, еңбек қорғау бойынша маманы Н. Жетпісбай, /2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры М. Құлтасбай. /1 "Аула клубы" мектептен тыс ММ дене тәрбиесі нұсқаушылары Т. Максутов пен Н. Сыдықов төрешілік жасады. Нәтижесінде, /3 ЖОББМ командасы Оралбаевтар отбасы І орынды, /6 ЖОББМ командасы Жансүгіровтар отбасы ІІ орынды, /5 мектеп-лицей командасы Бегімбаевтар отбасы ІІІ орынды иеленіп, бағалы сыйлықтармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды. Ә. Жангелдин ат. ЖОББМ командасы Нариковтар отбасы, /1 мектеп-гимназиясы командасы Бисенбиндер отбасы, /2 мектеп-гимназиясы командасы Бөлекбаевтар отбасы, /4 ЖОББМ командасы Сембаевтар отбасы Алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар иеленді. Сайыс тартымды, көтеріңкі көңіл күйде өткізілді.
Ағымдағы жылдың Шалқар ауданында ҚР Еңбек кодексінің 155-бабы және "Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ мен "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы" қоғамдық бірлестігі арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік серіктестік жөніндегі облыстық келісімнің 9.10.-т. негізінде /8 ЖОББМ, /3 ЖОББМ, /5 мектеп-лицейінде, "Бәйтерек" бөбекжай-бақшасында, Қ. Тілепбергенұлы ат. саз мектебінде облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы, құқықтық инспекторы А. Алимпиев және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша маман Н. Жетпісбай еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізді.
Ақтөбе облысы Шалқар ауданында "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен және аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен "Жастар жылы " аясында дәстүрге айналған жас келіндер арасында халқымыздың тарихы мен мәдениетін құрметтеу, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды кеңінен насихаттау, қазақ келініне тән әдемілік, әдептілік, ізеттілік, ісмерлік пен тапқырлықты дәріптеу мақсатында өткен "Қазақтың келіндері-ай" атты аудандық байқауына ауыл және қала келіндерінің арасында педагог-келіндер де қатысты. Байқау барысында жеңімпаз келіндер Алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар иеленді.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-