Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Жезқазған аймағында
2019 жылдың 17 сәуір күні Жезқазған өңірі үшін маңызы зор тарихи күн болды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова қызметтік іссапармен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог мамандарымен білім саласындағы өзгерістер мен басымдықтар, басқа да мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
Кездесуге Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымының төрағасы Конурбаев Марат Сейлбекович, қаламыздағы білім мекемелерінің басшылары қатысты. Білім беру саласын әрі қарай дамыту, секілді өзекті мәселелер талқыланды. Білім беру саласындағы қолға алынған бастамалар туралы айтып, алдағы жоспарлармен таныстырды. Орта буын мамандар әзірлейтін колледждерде білім беру сапасы жоғары оқу орындарынан кем болмауы тиіс екенін айтты. Министр бүгінде елімізде студент саны 100-ге жетпейтін колледждердің мәселесі қаралып жатқанын, білім сапасы төмен, техникалық базасы нашар оқу ордалары түгел жабылатынын,өзгелер бекітілген стандартқа сай болу керек екенін де түсіндірді. Сонымен қатар әзірленіп жатқан «Мұғалім мәртебесі» туралы заң жобасын да таныстырып өтті.
-
Фотографии
-