«Ұжымдық реттеу арқылы әйелдерге әлеуметтік қолдау көрсету» облыстық семинары
ҚР Кәсіподақтары өз қызметінде гендерлік теңдік және еңбекші әйелдердің мүмкіндігі жөніндегі мәселеге басты назар аударып келеді.
Кәсіподақ қызметінің бағыты – жас әйелдердің отбасы мен қызмет арасындағы тепе-теңдікі сақтауды қолдау, кәсіподақ арқылы заманауи жас әйелдердің саналылығы және ақпараттандырылуын арттыру, олардың құқығы және мансаптық өсуіндегі мүмкіндігі, кәсіби оқыту.
Соңғы жылдары гендерлік саясат бойынша тәжірибеде әйелдер арасындағы кәсіподақтық, кәсіби шеберлік байқаулары, ғылыми-практикалық конференциялар және т.б. іс-шаралар кеңінен өткізіліп келеді.
Аталған іс-шараларға орай ү.ж. 5 сәуірінде Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының №10 орта мектебінде, Маңғыстау облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Ұжымдық реттеу арқылы әйелдерге әлеуметтік қолдау көрсету» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинарға Маңғыстау облыстық білім беру ұйымдарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының, аудандық және қалалық кәсіподақ филиалдарының, мемлекеттік қызметкерлер және «Сенім» медицина қызметкерлерінің төрайымдары, Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Жаулин Киікбай Мыңбайұлы, әлеуметтік әріптестер: Халел Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің директоры Зарипа Есенбайқызы Шолтанова, №10 орта мектептің директоры Бекес Өмірзақұлы Испекеевтердің қатынасуымен ауқымды түрде өткізілді.
Семинарды жүргізген тренер, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшесі, «Үздік тренер-Қазақстанның мотиваторы 2018» жеңімпазы, адамдардың ресурстық дамуы бойынша эксперті – Нәби Гүлзи Әскенқызы өте қызғылықты өткізді.
Тренингте, Ұжымдық шартқа өндірісте әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді енгізу туралы және тәжірибеде оны жүзеге асыру ауқымды түрде топтық ойын арқылы әр топ өз ұсыныстарын қорғап белсенді түрде жеткізе білді.
Семинар соңында, Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Жаулин Киікбай Мыңбайұлы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ–нің төрайымы Баймбетова Тарбия Анайбекқызы қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттарды табыстады.
Қатысушылар семинарға өте жоғары баға берді.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің хатшысы
-
Фотографии
-