Үш жақты келісім
2019 жылы әлеуметтік әріптестік жөніндегі Келісімдер мен ұжымдық шарттардың мерзімі аяқталып, жаңа мерзімге келісімдер мен ұжымдық шарттарды әзірлеу және бекіту жұмыстары жүргізілуде.
2019 жылғы 2 сәуір күні Түркістан облысының білім басқармасы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлері палатасының Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптің одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі арасындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған үш жақты Келісімге қол қою рәсімі өтті.
Қол қою рәсімі Түркістан облысының медиа-орталығында болып, Келісімге облыстық білім басқармасы атынан басқарма басшысының орынбасары А.Садықова, облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Б.Кенжебаев тараптар атынан қол қойды.
Келісімнің тараптары:
Жұмыс берушілер атынан.
Білім беру ұйымдарының өкілі болып табылатын Түркістан облысының білім басқармасы;
Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы;
Жұмыс істеушілер атынан:
Түркістан облысы аумағындағы білім беру мекемелері мен ұйымдарының атынан олардың өкілі болып табылатын – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ.
Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты Келісім облыс аумағындағы білім беру ұйымдары мен мекемелерінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады.
Келісім Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына, өзге де заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби мүдделерін қорғау және қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен артықшылықтар, сондай-ақ заңдармен, өзге де нормативтік-құқықтық актілермен, әлеуметтік әріптестік туралы Бас келісіммен, салалық келісіммен белгіленген оңтайлы еңбек жағдайларын жасауды көздейтін жұмыс беруші мен жұмысшылардың өзара міндеттемелерін айқындау және бекіту мақсатында жасалған.
Әлеуметтік әріптестік жөніндегі келісімдер мен ұжымдық шарттар жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеудегі құқықтық акт болып қана қоймай, ұжымдар ішіндегі моральдық-психологиялық ахуалды реттеудегі, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуге ықпал ететін маңызды құрал екендігін практика дәлелдеп отыр.
Сол сияқты, әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясының құрамы бекітілді.
-
Фотографии
-