Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы білім қызметкерлері арасындағы аудандық «Спартакиада - 2019» өтті
Қармақшы аудандық білім бөлімі мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен білім қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында 2019 жылдың 4 қантар -29 наурыз аралығында спартакиада өткізілді.
2019 жылдың 4 қаңтар күні №250 мектеп-лицейінің спорт залында аудан мектептерінің білім қызметкерлерінің спартакиада бағдарламасына сәйкес спорттың шағын футбол, үстел теннисі және шахмат түрлерінен аудандық жарыстың І туры өткізілді. Жарысқа білім бөліміне қарасты 29 мектептің мұғалімдері қатысып, қорытындысы бойынша І орынды №250 мектеп-лицейі, ІІ орынды №274 мектеп, ІІІ орынды №26 мектептің мұғалімдері жеңіп алды. Үстел теннисінен І орын №277 мектеп, ІІ орын №105 мектеп-лицейінің, ІІІ орын № 279 мектептердің, Шахматтан І орын №250 мектеп-лицейі, ІІ орын №26 мектеп, ІІІ орынды №279 мектеп мұғалімдері иеленді.
2019 жылдың 29 наурыз күні жарыстың ІІ туры Жосалы кентіндегі №30 мектептің базасында аудандағы 29 мектеп қызметкерлері 6 аймаққа бөлінді.
Олар: 1 аймақ №185, 186, 111, 28, 29 мектептер;
2 аймақ №109, 108, 107, 106, 199 мектептер;
3 аймақ № 26, 27, 121, 79, 113 мектептер;
4 аймақ №30, 105, 250, №183 мектептер;
5 аймақ №80, 85, 269, 99, 279 мектептер;
6 аймақ № 272, 273, 274, 275, 277 мектептер.
спартакиадасының бағдарламасына сәйкес спорттың баскетбол, волейбол, қол күресі, гір тасын көтеру, тоғызқұмалақ және арқан тарту түрлерінен сайысты. Жарыс қорытындысы бойынша баскетболдан І орын 4 аймақтың, ІІ орынды 3 аймақтың, ІІІ орынды 6 аймақтың мұғалімдер құрама командалары иеленді.
Волейболдан І орынды 5 аймақтың, ІІ орынды 4 аймақтың, ІІІ орынды 2 аймақтың мұғалімдер құрама командалары иеленді.
Қол күресінен І орын 2 аймақ, ІІ орын 4 аймақ, ІІІ орын 3 аймақ.
Гір тасын көтеру І орын 2 аймақ, ІІ орын 5 аймақ, ІІІ орын 1 аймақ.
Тоғызқұмалақтан І орын 5 аймақ, ІІ орын 3 аймақ, ІІІ орын 4 аймақ.
Арқан тартудан І орын 5 аймақ, ІІ орын 2 аймақ, ІІІ орын 4 аймақ.
Женіске жетіп жүлделі орын алған командалар аудандық білім бөлімі мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің дипломдарымен марапатталды.
Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық
білім бөлімінің әдіскері А.Ерекешов
-
Фотографии
-