Спорт пен оқу – үйлесімді ұғым
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында 27 наурыз 2019 жылы. Тірекмектеп (РО) М. Сүлейменов атындағы ЖОББ мектебінде кәсіподақ ұйымының ұйымдастырылуымен Нұра ауданының мұғалімдері, БЖСМ қызметкерлері арасындаасық ату, дойбы ойыны және үміт мәресі түрлерінен спартакиада өтті. Спартакиаданың мақсаты – педагогикалық ұжымның салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық іс- шараларды дамыту және нығайту, педагог қызметкерлер арасында ептілер мен үздік спортшыларды облыстық спартакиадаға іріктеу. Әріптестерді құшақ жая қарсы алған мектеп директоры Нариманов Р.С өзінің жылы лебізін білдіріп, өзі де спортқа жақын екенін айттып өтті. Нұра ауданының спорт бөлімінің басшысы Оспанов Е.С. пен Нұра ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Имашев Ж.А әріптестеріне сәттілік тіледі. Келесі кезекте Нұра ауданның мұғалімдер кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Х. Мустафин спартакиаданың ашылуымен құттықтап, зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерді мақтау грамотасымен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Елбасымыз жыл сайынғы Жолдауында Қазақстан бәсекеге қабілетті 30 ел қатарына қосылу үшін халықтың тек білімін жетілдіріп қоймай, денсаулыққа да аса мән беру керектігін баса айтуда. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Осы мақсатта өткен тартысты бәсекеде командалар бар шеберліктерін көрсетті. Шабуыл жасалып, қорғанысқа да шыққан мұғалімдер өз командалары үшін аянып қалмады. Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесі бойынша асық ату, дойбы ойыны және үміт мәресі түрлерінен мұғалімдер жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап өтсек:
«Дойбы ойыны» бойынша Тірекмектеп (РО) М. Сүлейменоватындағы ЖОББ командасы Аубакиров Б.Е, Датқабаев Ж.А, Хамзин Ж.Ж, Бірлік Т, Оразбекова Г.Е І орынға, Оспанов Е.С, Хамзин Т.Ж, Есенов Н.С, Есенова Д.А, Чуутан А. БЖСМ ұжымы ІІ орынға, Макишев А.С, Елтай А.С, Жанторе А.Н, Журтболова Г.Т, Темирбаева Р.К Киевка№2 қазақ ЖОББМ командасы ІІІ орынға ие болды.
«Асық ату» сайысында Қарой ЖОББМ командасы Сарсенбаев А.Ж, Калкенов Б.С, Рамазан К.Е І орынға, Киевка №2 қазақ ЖОББМ командасы Асанов С.Т, Оразбеков Ж.А, Темирбаева Р.К ІІ орынға, БЖСМ ұжымы Есенов С.А, Смаилов Е.С, Чуутан А ІІІ орынға ие болды.
«Үміт мәресі» бойынша БЖСМ ұжымы Смагулов А.С, Есенов А.С, Тұраров М.Д, Колчина В.В, Есенова Д.А, Чуутан А І орынға, екінші аймақ командасы Белан И.П, Гарифулла Д, Тажибаев М.А, Базылова М.С, Аршкенова А.К, Оспанова М.А ІІ орынға , Киевка №2 қазақ ЖОББМ командасы Жанторе А.Н, Ермек Қ, Елтай Ж.С, Темирбаева Р.Т, Журтболова Г.Т, Рамазан К.Е ІІІ орынға ие болды.
Спартакиада барысында ұстаздарымыздың спорттан да алдыңғы қатардан көрінетіне көзіміз жетті. Спартакиаданың жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марпатталды. Облыстық спартакиадада спортшыларымыздың жеңіс тұғырынан көрініуіне тілектеспіз.
А.Х.Мустафин,Қарағанды облысы білім беру қызметкерлерінің
Нұра ауданының мұғалімдер кәсіподағының филиал төрағасы
-
Фотографии
-