СЕМИНАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖОҒАРЫ БОЛДЫ
Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні ««Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік әріптестік тараптарын еңбек заңнамасына оқыту семинары өтті. Бұл жолғы топтың сапары Жылыой және Мақат аудандарында жалғасты. Семинарға жаңадан сайланған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, техникалық нұсқаушылары, келісу комиссияларының жетекшілері, білім беру мекемелерінің басшылары мен шаруашылық меңгерушілері қатыстырылды.
Жиналыста «Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы» ММ Еңбек қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы С.Р. Жанесенов, қоғамдық бірлестіктің заңгері Ю.А. Айбосыновалар мазмұнды баяндамалар жасады. Тыңдаушылар қызығушылығын тудырған семинарда олардың тарапынан қойылған сан сұрақтарға жауапта берілді.
-
Фотографии
-