ЖАСТАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ V-ШІ «ДЕНСАУЛЫҚ» СПАРТАКИАДАСЫ
25-27 наурыз аралығында «2019 жыл – Жастар жылы» жариялануына орай Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелері арасында облыстық V – ші «Денсаулық» спартакиадасы өткізілді
Бұл шараның мақсаты:
-Қазақстан Республикасы Президентінің «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялауына байланысты жастарға қолдау көрсету;
-кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру және бірлігін нығайту;
-білім және ғылым қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Спартакиаданың ашылуымен құттықтау үшін алғы сөз Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Марат Даупаев жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, жыл сайын өткізілетін дәстүрлі облыстық V–ші «Денсаулық» спартакиадасына арнайы шақырумен келген қонақтарға, ардагер ұстаздарға алғыс білдірді. Сонымен қатар, шараға қатысып отырған педагогика саласының ардагер ұстаздарына естелік заттай сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етілді.
Келесі сөз кезегін алған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Нұрлан Серғалиев және Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Амангелді Таспихов«Денсаулық» спартакиадасына қатысушы құрама командалар мен кәсіподақ мүшелерін құттықтап, кәсіподақ тек қана еңбеккерлердің әлеуметтік – экономикалық және еңбек құқықтарын қорғаумен ғана шектелмей, өзара салауатты өмір салтын сақтауды кеңінен насихаттауға да қолдау көрсетіп, бұл шараның осымен бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырғаны туралы өз ойларымен бөлісті.
Жастар ісі комитетінің негізгі мақсаты – кәсіподақтың жас мүшелерінің жұмысын жандандыру, жастар арасында кәсіподақ қозғалысын насихаттау жұмыстарын жүргізу, қоғамдық маңызы бар тың идеяларды жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақыру, жалынды жастарды кәсіподақ қызметіне көптеп тарту, ынталандыру, сондай-ақ жұмысшы және студент жастарға қолдау көрсету жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен жастар арасында патриоттық сезім қалыптастыру. Осы орайда, Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы жастар ісі комитетінің төрайымы Индира Бадақова ұйымдастырылып отырған шараның сәтті өтуіне тілектестігін білдіріп, биылғы жастар жылының жариялануына байланысты жастарға үлкен жауапкершілік пен сенім артылып отырғаны туралы баяндады.
Ұйымдастырылған спорттық – көпшілік шараға облысымыздың аудандық 12 құрама командалары, М.Өтемісов атындағы БҚМУ және Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті құрама командалары, колледждар құрама командасы, облыстық білім беру мекемелері құрама командасы, Орал қалалық №14-ші және № 48-ші жалпы орта білім беретін мектебі құрама командалары спорттың айналым жүйесі бойынша волейбол және үстелді теннис ойындарынан жарысқа қатысты.
Ептілікті сынға салған сәтте бірі жеңіп жатса, екіншісі жеңіліп жатады. Осы орайда жиналған спортшыларымыз өздерінің үлкен дайындықпен келгендерін байқатты.
Волейбол ойыны бойынша:
- І орын – қалалық № 14 жалпы орта білім беретін мектебі құрама командасы;
- ІІ орын – Бәйтерек ауданының құрама командасы;
- ІІІ орын – Ақжайық ауданының құрама командасы.
Үстелді теннис ойыны бойынша:
- І орын – қалалық № 14 жалпы орта білім беретін мектебі;
- ІІ орын – Казталов ауданының құрама командасы;
- ІІІ орын –№ 48 жалпы орта білім беретін мектебі құрама ккомандасы иеленді.
Білікті төрешілердің саралауы бойынша спортшылар арасынан үздік ойыншылар да анықталып, заттай сыйлықтар және грамоталармен марапатталды. Олар,волейбол–Шанаев Асқар(Ақжайық ауданы командасының ойыншысы),Бакишев Данияр(№14 ЖООБМ командасының ойыншысы),Матухнов Сергей(Бәйтерек ауданы командасының ойыншысы)жәнеүстелді теннис– Мулдашев Қайрат(Казталов ауданы командасының ойыншысы),Набиев Асылбек(№14 ЖОББМ командасының ойыншысы),Есниязов Рафаиль(№48 ЖОББМ командасының ойыншысы).
Екі күнге созылған облыстық V-ші «Денсаулық» спартакиадасындаОрал қалалық № 14 жалпы орта білім беретін мектебі І орындыиеленіп, жеңіс тұғырына көтерілсе, ІІ орын –Бәйтерек ауданының командасына, ІІІ орын – Казталов ауданының командасына берілді.
Командалық жалпы есеппен облыстық V-ші «Денсаулық» спартакиадасында І орын иеленген Орал қалалық № 14 жалпы орта білім беретін мектебі құрама командасына «Ақжайық» шипажайына тегін 10 жолдама және заттай сыйлықтар, ауыспалы кубок беріліп, жүлделі орындар иеленген командалар мен комиссия отырысының шешімімен, «Ең қайсар команда» - Тасқала ауданының командасы,«Ең белсенді команда» - № 48 ЖОББМ командасы,«Ең тәртіпті команда» - Ақжайық ауданы командасыатаулы номинациялар бойынша бағаланған командалар облыстық кәсіподақ тарапынан дипломдар заттай естелік сыйлықтар табысталды.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев – Еліміздің тұрақтылығы мен жарқын болашағы үшін жас ұрпаққа сапалы білім беруде олардың еліне деген құрметі мен патриоттық сезімін, болашаққа деген нық сенімін қалыптастыруды мақсат ететін 37 мыңға жуық білім және ғылым қызметкерлері біріктіріп отырғанын және кәсіподақ күші мен болашағы бірлікте екені туралы жалынды сөздерімен спорттық – бұқаралық көпшілік шараны қорытындылады.
Батыс Қазақстан облыстық білім және
ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы
-
Фотографии
-