Қош келдің Әз-Наурыз!
Наурыз мейрамы— ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргікүнтізбебойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Наурыз– Ежелден келе жатқан мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Ұлыстың ұлы күні. Наурыз мейрамы– байырғы заманнан келе жатқан “көктемгі жаңару” мерекесі екені белгілі. Наурыз - бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Бұл мейрам Орта Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы екені баршамызға аян. Наурыздың келуі жаңарудың белгісі. Ежелгі күнтізбеге сай қазақ халқы жаңа жылдың келуін22 наурызкүні деп есептеген. Көктем келіп күнмен түннің теңелуіне байланысты жаңа күн деп санап, парсы күнтізбесі бойынша наурыз мейрамын тойлаған. Бұл мейрамды түбі бір түркі халықтары арасында бес мың жылдан бері атап өтіп келеді. Оның ішінде: Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қытай, Үндісан, Ауғанстан, Иран, Тркия және Қазақстан.Бұл дәстүрлі түрде тарихқа айналған мейрам. Наурыз мейрамын түркі халықтарының бірі жиырма бірінде, бірі жиырма екісінде атап өтсе, қазақ елі 21-23 аралығында үш күн тойлатады. Дегенмен, он үш күн қатарынан тойлататын халықтар да бар. Және әрбірінің дәстүрі мен өмір сүру салтына қарай тойлауы да сан алуан түрде өтеді. Наурыздың келуінің өзі - жаңару. Қазақ елі Наурызды ежелгі замандардан бері атап өтеді. Қуаныш пен мейірімнің, бақ пен ырыстың, молшылық пен кеңдіктің белгісі болған мейрамда толық жаңару керек. Бұл күнге халық барынша дайындалады. Үйдегі ескі заттарды шығарып, бір-біріне ақ тілектерін айтып, реніште жүрген дос-жарандар бір-бірінен кешірім сұрап, татуласады. Мұқтаж адамдарға қолдау, көмек көрсетіп барынша кең пейілді болады. Шаңырақта үлкен дастархан жайылып, келер жылда молшылық, байлық болсын деп ниет етеді. Соған байланысты, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының басты белгісі ретінде «наурыз көже» пісіріледі. Наурыз мерекесін М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі мекемесі де ойдағыдай тойлап өтті. Колледжімізге ардагерлер шақырылып колледж білім алушылары мен ұстаздар қауымына наурыз көжеден дәм татты. Колледж алдында білім алушылар дастархан жасап үлкендерге дәм таттырды. Салт дәстүрлерімізден көрінестер көрсетілді. Тысау кесер,бесікке салу т.б. Колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымы Арнайы дастархан жайып қариялардан бәтесін алды. Наурыз оң болсын! Ақ мол болсын!
Қызылорда қаласы,
М.Ықсанов атындағы Қызылорда политтехникалық колледжі
бастауыш кәсіподақ төрағасы Жузбембетов Батырбек Жумахметович
-
Фотографии
-