
«Ақтау- Арулары Наурыз мерекесі байқауында»
2019 жылдың наурыз айының 18-інде қалалық білім беру және мектепке дейінгі ұйымдары ұстаздарының арасында наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Наурыз Аруы» қыз сыны байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты қазақ халқы қыз баланы кішкентай кезінен бастап нәзіктікке, имандылықққа, инабаттылыққа, сұлулыққа, тазалыққа яғни ұшатын ұясынан жан-жақты тәлім тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен мән берген. Сынға түсетін қыздарымыздың бойынан қазақ қызына тән қасиеттерді көре отырып, келешек жас ұрпаққа үлгі ету.
Байқау жүргізушісі Жазира Айтымова бүгінгі байқауға қатысушы Ару қыздарымыз бен көрермен қонақтарды «Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз»мерекесімен құттықтай келе, көңілді «Көктем келді» ән шашуын арнады. Одан әрі сайыстың шымылдығын ашуға сөз кезегі қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Енсегеноваға берілді. К.Енсегенова сөзін сахна төріндегі біздің қазақ халқының ұлттық киімінің әдемілігі сахнаға қандай көрік беріп тұрғандығын жеткізе келе, ата-салт дәстүріміздің құндылығы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келетіндігі, сонымен қатар әдет-ғұрып, тәлім-тәрбиенің де маңызын, мән-мағынасын ұмытпай жастарымыздың бойынан көру және кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылып отырған іс-шара екендігін түсіндіріп өтті. Қазақ қызының бойындағы тән қасиеттерді өз бойынан көрсете аламыз деген оймен байқауға топты жарып 10 «Ару қыздар» қатысып өз қабілеттерін жан-жақты көрсете білді.
Үміткерлерге байқаудың шарттары белгілі 3 бөлімнен және әр бөлімнің шарты таныстырылды.
Байқаудың талабына сай қатысушы қыздарымыз 3 бөлімде де өз деңгейінде, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты орындап шықты.
Байқау соңында бүгінгі «Наурыз Аруы» қыз сыны байқауының 1-орын жеңімпазы №22 «Алтын бесік» балабақшасының хореограф маманы Шамшейтова Әйгерім Сансызбайқызы иеленіп, алдағы облыстық байқауға жолдама алды.
Сайыс соңында қазылар алқасы және байқауға қатысқан көрермендер де бүгінгі байқаудың тәрбиелік мәні зор, мақсатты ұйымдастырылғанын жеткізе келе, қатысқан қыздарымызға және қалалық кәсіподақ ұйымына алғыстарын білдірді.
Байқау жеңімпаздары қалалық кәсіподақ ұйымы атынан дипломдармен және сыйақымен марапатталды.
Тажекенова Ақбидай,№16 орта мектептің бастауыш кәсіподақ төрайымы
-
Фотографии
-