
Қармақшы ауданында атқару комитетінің отырысы өтті
2019 жылдың 28 ақпан күні Жосалы кентінде орналасқан №26 орта мектеп базасы аудандық әдістемелік кәсіподақ кабинетінде Қармақшы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес атқару комитетінің отырысы өткізілді. Отырысқа мектептер, балабақшалар, мектептен тыс мекемелердің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Шараны аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Молдабаева Жұлдызай Кетебайқызы жүргізіп, отырыстың күн тәртібімен таныстырды. Онда комитеттердің «Жастар» жылына қойған мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, ұжымдық шарттың орындалуына сараптама жасап, бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыстарының жүргізу тәртібін түсіндіріп, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларының сұрақтарына жауап берді. Отырыс соңында аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Ж.Молдабаева бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдарын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
-
Фотографии
-