Интеллектуалдық ойын сайысы өтті
Қазалы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті жанынан құрылған «Серпін» жастар кеңесінің ұйымдастыруымен «Кемел елдің келешегі – білім, білік, тәрбие» атты жас ұстаздардың интеллектуалдық ойын сайысы өтті.
Шараның негізгі мақсаты – ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында баяндалған ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, жастардың бойындағы белсенділікті дамыту, мемлекет қабылдаған жастар саясатының маңыздылығын насихаттау, жастарға жүктелген міндеттер мен артылып отырған сенімнің мәнін ашып түсіндіру болып табылады.
Бүгінгі жастар жан-жақты сауатты, елде болып жатқан барлық рухани-мәдени, саяси жаңалықтардан хабардар. Олар өздерінің қоғамның қозғаушы күші екендіктерін жақсы біледі, сондықтан да, олар – жігерлі, - дейді ұйымдастырушы жастар кеңесінің төрағасы Нұрмаханов Талант Тоқтасынұлы.
Шараның бағдарламасына сәйкес қатысушылар топтарға бірігіп түрлі бағыттағы «Логика әлемін», «Қызық екен» т.б. психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.
Жастар шарасының ұйымдастырылуына жетекшілік жасаған аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбілқасым Қуантқанұлы белсенді жастарды марапаттап, «Серпін» жастар кеңесінің жұмысына алдағы уақытта да қолдау көрсететіндігін баса айтып, арманы асқақ, рухы азат, мақсаты айқын жастарға сенім білдірді.
Қазалы аудандық білім қызметкерлері
кәсіподақ комитетінің маманы Абдукалиева Бағдат
-
Фотографии
-