
Астана қаласында №20 орта мектептің жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті
Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя. Мектеп шәкірттерге үлкен тәрбие, білім беретін киелі орда. Мектебіміз – барлығымыздың мақтанышымыз. Алты-ақ әріптен құралған бұл сөздің құдіреттілігі де сонда жатқан болар. Жас ұрпақты сәулетті қоғамымыздың жан-жақты жетілген, жарасымды азаматы етіп қалыптастыру – мектеп ұжымының мақсаты, шын жүректі тілегі.
Күні кеше ақпан айының 16-шы жұлдызында 1500 орындық мектептің жаңа ғимараты ашылды.
Бұл іс- шараға «Әділет» білім беру қызметкерлерінің қалалық кәсіподағының төрайымы Балсулу Музаппарқызы, қадірлі қонақтар, ата-аналар мен оқушылар келіп, алған әсерлерімен бөлісті.
Салтанатты ашылудан соң қонақтар мектеп ішін аралап, оқушылармен, ұстаздармен кездесті. Мектеп директоры Алтынай Махмедуновна келген қонақтарға білім ордасының жетістіктері туралы баяндады. Бір жыл көлемінде түрлі іс-шаралар жоспарланып отырғанын, Агроқалашық ауданы бойынша Наурыз жыл басы «Наурыз – Думан» атты мерекелік іс-шара өткізу жоспарлануда. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мектепте аудандық деңгейде «Достықтың ұлы мейрамы» атты мерекелік іс-шара өтетін болады. Биыл құрылғанына 20 жыл толатын "Нұр Отан"партиясының қатысуымен мектебімізде үлкен атаулы іс-шара өткізу жоспарға еніп отырғанын айтты.
Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға - деп Абай атамыз айтқандай, мектеп ұжымына қажымас қайрат, шығармашылық табыс тілей отырып, әрқашан мектепте мерейі мен мәртебесі аса берсін.