Кербұлақ ауданында Кеңес отырысы өтті
Білім және ғылым қызметкерлері Кербұлақ аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Кеңес отырысы өтті.
Отырысқа білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Алматы облыстық ұйымының бас маманы Әсет Қайырхан, аудандық төтенше жағдай бөлімінің басшысы Данияр Шындаулетов, аудандық кәсіподақ комитетінің жанынан құрылған педагог еңбек ардагерлері Кеңесінің төрағасы Жақсылықбай Молтабаров, жастар Кеңесінің төрағасы Камшат Шынарбаева, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және техникалық инспекторлар қатысты.
Жиынды аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жақан Дуанаев жүргізіп, күн тәртібінде еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздігі, 2018 жылдың статистикалық есебінің қорытындысы және Қазақстан Республикасының «Кәсіподақтар туралы» Заңы, Еңбек Кодексі талаптарының орындалу барысы туралы мәселелер қаралатындығын хабарлар етті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөзді Әдемі Сәрсенбинова алып, ауданға қарасты Жоламан, Қарашоқы, Архарлы, Сарыбастау орта мектептеріндегі техникалық инспекторларының жұмысын саралап, жоспары және құжаттары барын айтып, кемшіліктерді уақытында жоймағанын жеткізді.
Кербұлақ аудандық кәсіподақ комитетінің есепшісі Гүлнар Қасымханқызы қаржылық-шаруашылық жұмыстарын баяндады.
Аудан орталығында өткен Кеңес отырысына арнайы қатысқан білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Алматы облыстық ұйымының бас маманы Әсет Қайырхан ұжымдық шарттың маңыздылығы, әлеуметтік әріптестіктің қажеттілігі жайында және «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы туралы мәлімет беріп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында қаралған мәселелер бойынша қажетті қаулылар қабылданды.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы
Алматы облыстық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-