Жас ұстаздар бас қосты
Білім және ғылым қызметкерлері Ескелді аудандық кәсіподақ комитетінің жанынан құрылған жастар Кеңесінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның болашағы - Жастар патриотизмінде!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараның мақсаты - жас ұстаздардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау, оқушыларға патриоттық тәрбие беру және мемлекет тарапынан жастарды қолдап жасалынған бағдарламаларды насихаттау.
Білім және ғылым қызметкерлері Ескелді аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Адия Хафизқызы сөз алып, «Педагог мәртебесі туралы» заңның жобасын таныстырып, білім беру ұйымдарының құқықтары мен кепілдіктерін, педагогикалық және ғылыми жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін жеткізді. Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жас ұстаздардың баспана алу жолдарында түсіндіріп өтті.
Ал, Ескелді аудандық кәсіподақ комитетінің жанынан құрылған жастар Кеңесінің төрағасы Қайрат Қуанышбаев болса, жоғарғы оқу орнын аяқтап, өскен өлкесіне жұмыс істеуге аттанғанын айтып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасына құжаттарын жинақтағанын хабарлар етті. Жас мамандарға қызмет жолында жеткен жетістіктерін айта отырып, жастарды еліміздің нағыз патриоты болуға шақырды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздің мәдениетін, экономикасын көтеруде қоғамның белсенді мүшесі болып табылатын жастардың еңбегі зор екені айта отырып, өзара пікір алмасты.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағыАлматы облыстық ұүйымына қарасты
Ескелді аудандық кәсіподақ комитетінің есепшісіГ.Байсакова
-
Фотографии
-