Қаратал ауданындағы ұстаздармен кездесу
Қай заманда да қоғам ұстаз мәртебесіне селқос қарамаған. Елбасының бастамасымен ұстаздар қауымына ерекше назар аударылып, бүгінгі күні барлық жерде «Педагог мәртебесі туралы» заңның жобасы талқылануда.
Осыған орай, білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Алматы облыстық ұйымының төрағасы С.Әбдіқадыров Қаратал ауданындағы Бастөбе сервистік –техникалық колледжінің еңбек ұжымымен кездесті.
Жиынды колледж директоры Мәлікжан Жамалбеков жүргізіп, білім ордасының тыс-тіршілігімен таныстырды. Аталмыш мекеме 1983 жылдан бері жұмыс істеп жатқанын, білімгерлер 14 мамандық бойынша білім берілетінін, онда 40 мұғалім және 14 өндірістік оқыту шеберлері қызмет ететінін жеткізіп, ұстаздардың жеткен жетістігіде көңіл қуантарлық екенін айтты.
Қоғамдық бірлестіктің басшысы С.Нұрсапаұлы сөз алып, «Педагог мәртебесі туралы» заңның жобасын таныстырды. Дайындалып жатқан заңның жобасы ұстаздардың мүддесіне жұмыс істейтініне сенім білдіріп, мұғалімдермен пікір алмасты. Қойылған сұрақтарға толық жауап берді.
Шара соңында Бастөбе сервистік –техникалық колледжінің директоры Мәлікжан Бейсенұлы мен өндірістік оқыту шебері Борис Смирновқа облыстық ұйымның Құрмет грамотасы, өндірістік оқыту шебері Елена Ющенкоға Қаратал аудандық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасы табысталды.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы
Алматы облыстық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-