Талдықорғанда жастар Кеңесінің отырысы өтті
Бүгін білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Алматы облыстық ұйымы жанынан құрылған жастар Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Оған аудандық, қалалық комитеттердің төрағалары мен кәсіподақ белсенділері қатысты. Жиынның күн тәртібінде жастар Кеңесінің 2018 жылы атқарған жұмысы және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауынан туындайтын мақсаттары мен міндеттері қаралды. Сондай-ақ, Кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Шара барысында білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Алматы облыстық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров сөз алып, жастар Кеңесінің 2018 жылы атқарған жұмысын қорытындылып, жас мамандар арасында ауқымды шаралар ұйымдастырылғанын және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанын айтты. Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауында «2019 жылды – Жастар жылы» деп жариялап, жастарға қолдау білдіргенін және «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасының маңыздылығына тоқталды.
Алматы облыстық кәсіподақтар орталығының жанынан құрылған «Келешек» жастар Кеңесінің төрағасы Бақтияр Жақсыгелдинов кәсіподақ жастарының жұмысын жандандыру мақсатында бірнеше ұсынысын білдірді. «Елді-мекендегі оқушыларға қазірден бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізу қажет. Себебі, ауылдың баласы төрт-бес жыл жоғарғы оқу орнында оқып, туған жеріне жұмыс істеуге барғанда осы бағдарлама аясында үй ала-алмайды. Сондықтан оқуға түсе салысымен қалалық жерге тіркеуге тұруы керек екенін түсіндіру біздің міндетіміз»,-деді сөз сөзінде Бақтияр Уәлиханұлы.
Жастар 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын пысықтап, ұсыныстарын енгізді. Жиын барысында білім саласының жас мамандарына арналған «Кәсіподақ-Жастарға!» жобасының тұжырымдамасы таныстырылып, «Ұстаз болғым келеді» шығармашылық байқауының ережесі бекітілді.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы
Алматы облыстық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-