Түркістан облыстық комитеті «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы бойынша «Дөңгелек үстел» өткізді
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облысы Сарыағаш аудандық комитеті 2019 жылғы 06 ақпан күні "Педагог мәртебесі туралы" Заң жобасы бойынша "Дөңгелек үстел" өткізді.
"Дөңгелек үстелге" аудандық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мүшелері, бастауыш кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, педагогтар және білім мекемелерінің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
"Дөңгелек үстелді" аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Әкімбай Зейтбайұлы Тастанбеков ашып, жүргізіп отырды.
Ә.Тастанбеков Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауында "Педагог мәртебесі туралы" Заңды әзірлеу туралы Үкіметке тапсырма берді. Мұны білім саласы қызметкерлері үлкен қанағаттанарлықпен қабыл алды. "Педагог мәртебесі туралы" Заң жобасы білім беру ұйымдары ұжымдарында, кәсіподақ жиналыстарында талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылып, облыстық кәсіподақ комитетіне жіберілді. Облыстық кәсіподақ комитеті бізге түскен ұсыныстарды қорытып, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік Одағына жіберді, олар Заң жобасына енгізілді деп атап көрсетті.
Педагогтың мәртебесі - мемлекеттің мәртебесі!
Республика педагогтарының назарына ұсынылып отырған Заң жобасы 6 тараудан 21 бабтан тұрады.
Бірінші және соңғы тараулар "Кіріспе" және "Қорытындыдан" деп аталынып, 2,3,4,5 - тараулар - педагог мәртебесін анықтайды.
Екінші тарауда педагогтың:
- мәртебесін, этикасын, ары мен намысын, кәсіби қызметін қамтамасыз ету шарттары. Өзінің кәсіби қызметіне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға тиым салу, көзделмеген тексеруді жүргізуге жол бермеу көрсетілген. Егерде аталған талаптар бұзылған болса лауазымды тұлғалар ҚР Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.
Үшінші тарауда: "Педагог құқықтары" айтылған:
- Педагогтың материалдық жағдайын жақсарту,
- ата - аналардың немесе өзге де азаматтардың өзінің сипаты бойынша педагогтік міндеттерінің шеңберіне кіретін мәселелеріне негізсіз қаралауға тиым салынады.
- Әлеуметтік кепілдіктер (бөлімі):
- Бастапқы жарнасыз жеңілдікті кредит бойынша тұрғын үй сатып алу
- Зейнеткерлік жасқа толғанға дейін педагогикалық жұмысының 30 жылдық өтілі
болғанда зейнеткерлікке шығу құқы.
- Педагогтың балаларына бала - бақшадан кезектен тыс орын беру
- Педагогке жыл сайын еңбек демалысын беру кезінде 2 лауазымдық жалақыдан
кем емес сауықтыру жәрдемақыны беру
Төртінші тарауда:
- Педагогтың міндеттері мен жауапкершілігі,
Бесінші тарауда:
- Педагогты даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру.
Жоспар бойынша аталған Заң жобасы қазірде Үкіметте, ақпан айында Парламентке беріледі - деген жоспар бар.
Ә.Тастанбеков осыдан кейін "Дөңгелек үстелдің" мақсатына тоқталды. Ол - Заң жобасы бойынша қатысушылар пікірін тыңдау, педагог мәртебесін көтеру үшін кәсіподақ ұйымдары мен педагогтардың өздері қандай жұмыс жүргізуі керек, қандай іс-шараларды іске асырған жөн деген ұсыныстары мен ойларын тыңдау және жүзеге асыру үшін қандай жұмыстарды атқару керек екенін саралау.
Ә.Тастанбеков "Педагог мәртебесі туралы" Заң жобасы бойынша қысқаша ақпарат беріп, қатысушыларды "Дөңгелек үстел" жұмысына белсенді қатысып, ойларын, ұсыныс-пікірлерін ортаға салуды сұрады.
"Дөңгелек үстелде" пікір айтушылар және сөйлеушілер:
1. Ақбергенов Асылбек - Өстеміров атындағы жалпы орта мектебінің
директоры
2. Досанов Бауыржан - №10 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия интер-ң
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы
3. Бимұратова Анар - №1 М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясының
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
4. Қабылова Халида - №17 Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің
директоры
5. Орумбаев Ермек - №20 Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы
6. Баратов Нұрғали - аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің
әдіскері
7. Назимов Арынқожа - №3 Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі.
Дөңгелек үстелдің жұмысын Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков қорытындылады: "Педагог мәртебесі туралы" Заң педагогтар үшін аса маңызды және қажетті заңнамалық құжат. Біз, білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы болғандықтан бұл заңнама бізге де өте құнды. Себебі біздің мақсатымыз бен жұмысымыздың ең негізгісі - білім саласы қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Алдағы уақытта "Педагог мәртебесі туралы" Заң қабылданғанға дейін әлі де көп жұмыс атқаруымыз керек. Заңнама қолдау бойынша барлық деңгейдегі баспасөзге, электорндық сайттарға материал беріп отыру, ауданға келген Сенат және Парламент депутаттарымен кездесулер өткізіп, қолдау туралы өтініштерімізді жеткізуіміз керек.
Соның бірі және алғашқысы бүгінгі "Дөңгелек үстел" деп санаймын ойларыңызды пікірлеріңізді ортаға салғандарыңызға рахмет. Бұл туралы жоғары кәсіподақ органын хабардар етеміз, баспасөздерге ақпарат жібереміз.
Жалпы, бас қосуымыз өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Барлықтарыңызға үлкен рахмет.
-
Фотографии
-