«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің кезекті ХХІХ конференциясы болып өтті
Ағымдағы жылғы 30 қаңтарда «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің кезекті ХХІХ конференциясы болып өтті. Конференцияның күн тәртібінде ұсынылған мәселелерге сай облыстық ұйым төрағасы Қ.Сүндетұлының жұмысының есептік баяндамасымен кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары, Бақылау-тексеру комиссиясының есебі тыңдалды. Сондай-ақ, конференцияда Комитеттің, Бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің кезекті ХІV съезіне делегаттар сайланып, Салалық кеңес мүшелігіне жаңа кандидатура ұсынылды.
Конференцияға «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы І.Ұ.Баймұханов, облыстық Білім беру басқармасының қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы А.Б.Қайырлиева қатысты.
Конференция соңында кәсіподақ қызметінің бір топ белсенді мүшелеріне Салалық кеңестің Құрмет грамоталары мен гүл шоқтары табысталды.
-
Фотографии
-