Жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды
2019 жылғы 29 қаңтарда Маңғыстау облысы Қарақия аудандық білім бөліміне қарасты 2018 жылы Құрық селосында жаңадан ашылған № 11 орта мектепте ұжымдық жиналыс ұйымдастырылды.
Ұжымда 87 қызметкер жұмыс жасайды, кәсіподақтың мүшелігіне не үшін кіру қажет деген сауалдар қойылды. Кәсіподақтың маңызы мен рөлін түсіндіру мақсатында Маңғыстау облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы арнайы шақырылды.
Жиналысты мектеп директоры Г.Тюлешова ашып, облыстық кәсіподақ төрайымы Т. Баймбетова сөз сөйлеп, мектеп ұжымына кәсіподақтың күшінің маңыздылығын, ұстаздық қоғамдағы атқаратын рөлі туралы ақпаратпен бөлісіп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар ҚР заңнамаларында болып жатқан өзгерістермен таныстырды.
Ұжымнан оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Жаңабаева тарифтеу нормаларына қатысты, ал мектептің әлеуметтік педагогы Б.Меерова шағын орталықтың жұмыс ерекшелігіне қатысты сұрақ қойды, оған толыққанды жауаптарын алды.
Маңғыстау облысы, Қарақия аудандық филиалының төрайымы Б.О.Тналиева
-
Фотографии
-