"Әлеуметтік әріптестік. Келісу комиссияларымен еңбек дауларын шешу. Кәсіподақтың кадрлық іс-қағаздарын жүргізу" семинар-тренингі өтті
2019 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Кəсіподақтар федерациясының Оқыту, зерттеулер жəне дауларды шешу орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында "Әлеуметтік әріптестік. Келісу комиссиялары мен еңбек дауларын шешу. Кәсіподақтың кадрлық іс-қағаздарын жүргізу" семинар-тренингі өтті. Семинарды ҚРКФ Əлеуметтік-экономикалық қатынастар жəне əлеуметтік əріптестік жөніндегі комитетінің сектор меңгерушісі Айжан Ибраева мен Батыс Қазақстан Медиация жəне келіссөз процесі орталығының директоры, медиация жəне келіссөздер жөніндегі жаттықтырушы Əлия Құртаева жүргізіп, "Қазақстан Республикасы Кəсіподақтар федерациясы қызметінің негіздері" жəне "Əлеуметтік əріптестік. Ұжымдық шарт қатынастары" сұрақтарын талқылады.
Бұл шараға салалық білім жəне ғылым қызметкерлері кəсіподағынан облыстың Əйтеке би, Қобда, Мəртөк, Ойыл аудандық жəне Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бастауыш кəсіподақ ұйымдарының көшбасшылары З.Бекетов, Қ.Ибраев, М.Ордабаев, Г.Избағамбетова, О.Сұлтанғалиева қатысты. Қатысушыларға сертификаттар табысталды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ