.jpg)
Ақтөбе қаласында республикалық семинар өз жалғасын тапты
25 қаңтар күні әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісім аясындағы республикалық семинар өз жалғасын тапты.
Жұмыс тобы Ақтөбе автожол колледжінде және Ақтөбе қаласы №51 орта мектеп-гимназиясында жұмысын жалғастырды. Онда техникалық және кәсіптік білім беру сферасындағы инновациялар, педагогика қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізудің жаңа моделі және Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау тәртібі, әлеуметтік әріптестіктің ролі мен еңбек қатынастары жөніндегі сұрақтар қаралып «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын талқыланып, сұрақтарға жауаптар берілді.
Күннің екінші жартысында жұмыс тобының мүшелері Хромтау ауданының ұстаздарымен кездесті. Хромтау тау-кен техникалық колледжінің материалдық базасын қарап өтіп, колледждің акті залында колледждің ұжым мүшелерімен және аудандық мектепке дейінгі, бастауыш, орта білім беру мекемелерінің басшыларымен, мұғалімдерімен, қызметкерлерімен кездесіп, пікір алмасты.
Семинар мен кездесу барысында қалалық және Хромтау аудандық білім саласының қызметкерлері көптеген сұрақтарына жауаптар алды.
Семинар жұмысына мектепке дейінгі ұйым, орта, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің қызметкерлері, мұғалімдері, өндірістік оқыту шеберлері, кәсіподақ мүшелері, барлығы 300-ге жуық адам қатысты.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-