Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алматы облыстық ұйымы барша жастарды, ұйым құрамындағы жас ұстаздарды «Жастар жылының» ресми түрде басталуымен шын жүректен құттықтайды
Жастардың белсенділігін арттырып, азаматтық көзқарасын қалыптастыруда, жас мамандардың өмір сүру сапасын жоғарылатуда кәсіподақтардың атқарар ролі зор. Осы ретте, білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ органдары, комитеттер жанынан құрылған жастар кеңестері осы бағытта жұмысты жандандырып, сала қызметкерлерінің, жас ұстаздардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғап, ұстаз мәртебесінің өсуіне үлес қосады. Жастар жылы жағымды жаңалықтарға толы, берекелі болсын !!!
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Алматы облыстық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фотографии
-