Кәсіподақ белсенділері Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның еңбек ұжымымен кездесті
23 қаңтар күні білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Алматы облыстық ұйымының төрағасы С.Әбдіқадыров Ескелді ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп–гимназияның еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Ашық диалог форматында өткен кездесуге Ескелді аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Дүйсебаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Адия Айтбузинова, бастауыш кәсіподақ ұйымның мүшелері, ата-аналар комитетінің өкілдері қатысты.
Қоғамдық бірлестік жетекшісі облыстық ұйымның атқарған жұмысына тоқталып, алға қойған мақсат-міндетеріді айқындап, кәсіподақ мүшелерінің қойған сұрақтарына жауап берді. Пікір алмасу барысында Елбасының тапсырмасы аясында ел назарына ұсынылған «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы қызу талқыланды. Мектеп директоры Әкімбек Тазабеков, оқу орнындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлнар Әлібаева, биология пәнінің мұғалімі Кенжетай Ситербаева, мектеп директорының орынбасары Зейнегүл Жетпісбаева педагогтер қауымы үшін аса маңызды бұл құжатты қолдайтындықтарын айтып, ұстаздардың жүктемесін азайту, ауыл мұғалімдерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім саласында кездейсоқ адамдардың болдырмау мақсатында мұғалім мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түсу кезінде талаптарды күшейту, ауылдық жерде интернет желісін жақсарту қажеттігі туралы өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Алматы облыстық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фотографии
-