Қоғамдық бақылау жүргізілді
Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жылдық жоспарына сәйкес, Саз мектебі, Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті және М.Жұмабаев ат. орта мектебінде қоғамдық бақылау жүргізілді. Қоғамдық бақылауда ұжымдық шарттағы заңдылықтардың орындалуына қарап, кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, сұрақтарға жауаптар берілді. 60 жасқа толған мерейтой иесіне аудандық білім бөлімімен кәсіподақ ұйымы тарапынан кәсіподақ төрағасы З.У.Бекетов Құрмет грамотасымен бағалы сыйлық табыстады.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ