Астана қаласында №9 «Зерде» мектебінде жиналыс өтті
Астана қаласы «Әділет» білім беру қызметкерлері қалалық кәсіподағының төрайымы Б.Наурузбаеваның қатысуымен Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде жиналыс өтті.
Балсулу Музаппарқызы 2018 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде, атап айтқанда, қызметкерлер мен олардың балаларын сауықтыру, ұжымдық келісім-шарт жасасу, марапаттау және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері мен Елбасы Жолдауын орындау мақсатында ҚР БҒМ «Педагог мәртебесі туралы», оқушы және мұғалім жүктемесін азайту сұрақтары бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңдарының жобаларын әзірлеуде екенің айттып жекелеген баптарына түсініктеме берді.
Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің ұжымы көкейде жүргенсұрақтарынқойып, қанағаттанарлық жауаптарыналды.
Жиын соңында математика пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының кандидаты Дыбыспаев Болатжан Дыбыспаевич 70 - жылдық мерей тойының қарсаныңда «Еңбек ардагері» медаліне ұысынылды.
Болатжан Дыбыспаевич -оқу –тәрбие үрдісінің барлық қырларын меңгерген математика пәнінің тәжірибелі мұғалімі, өз қызметін шығармашылық пен ғылыми ізденіс негізінде ұйымдастыра білетін білікті маман. Астана қаласы №4 орта мектебінде математиканы тереңдетіп оқытылатын сыныптарды ашқан, математиканы тереңдетіп оқытуда өз қолтаңбасы бар, үлкен тәжірибе жинаған ұстаз.
Болатжан Дыбыспайұлы өз мамандығына ғылыми-ізденішілікпен қарай білу қасиетімен педагогикалық үздіксіз ізденіс арқылы ғылыми-зерттеуші мұғалім қатарынан көріне білді: 50-ден астам ғылыми мақаланың, сондай-ақ мектеп математикасын оқыту әдістемесіне байланысты «Особенности первых уроков геометрия в 6 классе», «Шығармашылық геометриялық диктанттар» «Планиметрияда стереометрияда қосымша фигураларды қолдану» атты әдістемелік құралдардың авторы.
Кәсіподақ ұйымының атынан, мектеп ұжымы мен мектепдиректоры Болатжан Дыбыспайұлынқұттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
-
Фотографии
-