«Кәсіподақ қызметінің құқықтық негіздері. Әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және жұмыскер мен жұмыс беруші тараптары мүдделерінің келісімдігі» атты семинар өтті
Ағымдағы жылғы 16 қаңтарда Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлеріне арналған «Кәсіподақ қызметінің құқықтық негіздері. Әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және жұмыскер мен жұмыс беруші тараптары мүдделерінің келісімдігі» атты семинар өтті.
Шараға Ақтөбе облыстық білім басқармасының Бюджетті жоспарлау және болжамдау бөлімі мен Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімдерінің басшылары Л.Карагулова мен В.Шавкилова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ТжКББ бөлімінің меңгерушісі Е.Утеулиев қатысты.
Семинар барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Серікова «Педагог мәртебесі туралы» заңының соңғы нұсқасына тоқталып, Салалық білім жəне ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымына 6000-нан астам ұсыныстар түскенін атап өтті. 2018-2020 жылдарға арналған Əлеуметтік әріптестік туралы облыстық келісімнің шарттарының орындалуы туралы жеке тоқталды.
Семинарды облыстық ұйымның құқықтық еңбек инспекторы А.Алимпиев жалғастырды. Облыстық ұйымның бас маманы А.Серимбетов Әлеуметтік әріптестік туралы Облыстық келісімнің 8.1.15-тармағының орындалмауы мәселесінежеке тоқталды. Онда білім басқармасы білім беру ұйымдарының дәрігерлік тексеруден өтуге міндетті барлық қызметкерлерінің тегін бастапқы және мерзімді міндетті дәрігерлік тексеруден өтуін және сол уақытқа жұмыс орындары мен жалақыларының сақталуын қамтамасыз етеді делінген. Облыстық кəсіподаққа қарасты колледждердің кейбіреулерінде осы тармақ шарттары орындалмай келгенін атап көрсетті.
Семинарға қатысушы колледж директорлары – әлеуметтік әріптестерінен директор орынбасарының қысқартылуы жөнінде, директорлардың қосымша сағаттар беруі туралы, Білім саласын бақылау департаментінің тексеруі нәтижесінде колледж оқытушыларына біліктілік талаптары қазіргі талаптарға сәйкес келмегендігінен шара қолдану жөнінде ұсыныстар жазғандығы туралы мәселелер көтерілді. Сұрақтарға Р.Серікова, А.Алимпиев және білім басқармасының мамандары Л.Карагулова мен В.Шавкилова жауап берді.
Семинар соңында «2018 жылғы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Үздік еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы – Хромтау тау-кен техникалық колледжінің еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы М.Биржанов ҚР КФ Алғыс хатымен марапатталды.
Шараға 80-нен астама қатысушы қатысты, оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің басшылары, директор орынбасарлары, кадр бөлімдерінің қызметкерлері және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-