Сала ардагерлерімен кездесті
Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында білім және ғылым қызметкерлері Қаратал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Қарттарым - асыл қазынам» тақырыбында ардагерлерлерімен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты - ардегерлерге құрмет көрсетіп, олардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.
Оған білім ордаларында ұзақ жылдар жұмыс істеп, бүгінгі күні зейнеткерлікке шыққан 21 ардагер қатысты.
Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Беков өткен жылы аудандық кәсіподақ комитетінің жанынан педагог еңбек ардагерлері Кеңесі құрылып, тұрақты жұмыс жүргізіп жатқанын айтып, Елбасының Жолдауына тоқталды. Әр саланы қамтыған бастамада жастарға ерекше мән берілгені айтылды.
Осы тұрғыда ел ағалары тәжірбиелерін жеткіншектермен бөліспек ниетті Жастар жылына арналған ұсыныстарында жеткізді. Өскелең ұрпақтық білімді де, тәрбиелі болуына ықпал ету үшін кездесулер, дөңгелек үстелдер және спорттық шараларды жоспарларына енгізді.
Аталған шарада аудандық кәсіподақ комитетінің есепшісі Г.Ниязбек ардагерлерге ризашылықтарын білдіріп, 2019 жылға жызылған «Қазақстан кәсіподағы» газетінің жазылған түбіртегін зейнеткер ұстаз Ұлбосын Тойлыбайқызына табыс етті.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы
Алматы облыстық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-