Балабақшаның жұмысы кәсіподақ назарында
Бүгін білім және ғылым қызметкерлері Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Тұрлыбеков «Балдырған» балабақшасы болып, жұмыс барысымен танысты.
«Балдырған» балабақшасының меңгерушісі А.Бүрлібаева мекеменің тыныс-тіршілігін баяндап берді. Бөбекжай 140 орынға жабдықталып, 37 қызметкерді жұмыспен қамтыған. Сонымен қатар, балабақшада бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына, жайлы жағдайда тәлім-тәрбие алуына барлық мүмкіндік жасалған. Заманауи үлгіде асхана, музыка залы, дене шынықтыру бөлмесімен қоса, ойын алаңдары да жабдықталған.
Аталған мекеменің жұмысымен танысқан қоғамдық бірлестіктің басшысы Мақытбек Әділұлы жұмыс барысына көңілі толатынын жеткізіп, өткен жылдың өзінде аудан көлемінде 8 балабақша қолданысқан берілгенін хабардар етіп, Панфилов ауданында 5413 бүлдіршін балабақшамен қамтылып, 99,5 пайыздық көрсеткішпен жоғары нәтижеге жеткенін баса айтты.
Шара соңында бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы қаралып, төрағасы Г.Нұртазаеваға әдістемелік көмек көрсетілді. Онда кәсіподақтың іс номенклатурасы негізінде құжаттардың рәсімделуі және дұрыс тігілу барысы түсіндірілді.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы
Алматы облыстық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-