Атқару комитетінің отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 9 қаңтары күні білім және ғылым қызметкерлері Панфилов аудандық кәсіподақ комитеті атқару комитетінің отырысын өткізді. Отырысты қоғамдық бірлестіктің төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков ашып, жүргізіп отырды.
Ең алдымен атқару комитетінің мүшелері Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына тоқталып, атқару комитетінің мүшелері Ерқанат Тұрдығазыұлы, Әлия Әбенқызы, Еркінбек Алтынбекұлы төл тарихымызды бір жүйеге келтіруге үндейтін мақала жайындағы ойларын ортаға салды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Алматы облыстық ұйымының атқару комитеті отырысында қаралған мәселелерден хабарлама тыңдалды. Жиында Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің құрамына 2 бастауыш кәсіподақ ұйымы қосылып, кәсіподақ мүшелерінің саны 5012-ге жеткені белгілі болды. Сонымен қатар, 1 Пленум, 4 атқару комитетінің отырыстары өткен. Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдаулары да барлық білім ордаларында талқыланып, мекемелердегі ұжымдық келісім-шарттардың орындалуы, кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру туралы мәселелер жан -жақты талқыланып, аудандық кәсіподақ комитетінің 2018 жылы атқарған жұмысы қорытындыланды.
Сондай-ақ 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын және қаржы-сметалық жоспарын бекітіп, алдағы атқаратын жұмыстарын нақтылап алды.
Жансая Кенжебек,Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы
Алматы облыстық ұйымына қарастыПанфилов аудандық кәсіподақ комитетінің маманы