Бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады
Баланың шат күлкісі мен қуанышына ештеңе жетпейді. Олар үшін әр мереке қуаныш. Әсіресе, Жаңа жыл – былдырлаған бүлдіршіндердің асыға күтетін мерекесі.
Осыған орай бүгін білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Алматы облыстық ұйымы мен «BIG SMILE» балалар орталығы «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық шарасын өткізді.
Шараның мақсаты – еліміздің ертеңі-балаларға қамқорлық көрсету, оқушылардың сапалы білім алуына мейлінше жағдай жасау, тәрбиеленушілердің бос уақытын тиімді өткізге ықпал ету.
Айтулы мерекеде балалардың қуанышымен қоғамдық бірлестіктің төрағасы Садық Әбдіқадыров пен орталықтың басшысы Дарина Вершки бөлісіп, бүлдіршіндерді құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.
Талдықорған қаласында орналасқан «BIG SMILE» балалар орталығында ұйымдастырылған шараға 97 тәрбиеленуші қатысып, шоу бағдарламалар ұйымдастырылып, тәттілер таратылды.
Сонымен қатар, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар ойын алаңында орнатылған құрал-жабдықтармен еркін ойнауға мүмкіндік алды.
Мерекелік шарадан жақсы әсер алған балғындардың жүздері бал-бұл жанып, қуаныш сезіммен тарқасты.
«Қазақстандық салалық кәсіподақтыңАлматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы»қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі
-
Фотографии
-