Ұжымдық шарттың маңызы мен орындалысы
Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 24 күні №17 жалпы білім беру мектебі мен №35 «Балдырған» балабақша ұжымымен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ҚБ-нің Ақтау қалалық кәсіподақ филиалы кездесу жиналысын ұйымдастырды.
Мақсаты: Бүгінгі таңда кәсіподақтың күші неде? Ұжымдық шарттың маңызы мен орындалысы және бастауыш кәсіподақ ұйымының өз міндетін мақсатты жүргізілуі.
Жиналыс барысында облыстық кәсіподақ төрайымы Тарбия Анайбекқызы .Баймбетова сөз алып, бүгінгі кәсіподақ жиналысының мақсатымен таныстыра отырып, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ұжымға ауызбіршілік, жұмыстырына табыстар тіледі. Одан әрі бүгінгі таңда кәсіподақтың міндеті мен әрбір мемлекеттік мекемедегі бекітілген басты құжат Ұжымдық шарттың күші мен орындалысы туралы нақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қызметкерлер тарапынан да бірқатар ашық сауалдтар қойылып, қанағаттанарлық түсіндірмелер берілді.
Бүгінгі таңда қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіптік мүдделерін қорғауда әрбір білім беру ұйымдарындағы бес жылға сайланған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының комитеті ұйымының нәтижелі әрі сауатты жұмысына байланысты екендігіне нақты түсінік берілді.
Жиналысқа қатысушылардан қойылған сұрақтар А.Жұманова:
- Жазғы сауықтыру орталығына кәсіподақ жанынан қандай көмек көрсетіледі?
- Бастауыш кәсіподақ ұйымының сұранысы негізінде кәсіподақ ұйымы сауықтыру демалыс орындарына жолдамалар бөлінеді. Сонымен қатар қалалық кәсіподақ ұйымы жыл бойы ұйымдастырылған іс-шараларға қатысқан белсенді бастауыш кәсіподақ ұйымдарына және арызы негізінде де қайырымдылық қолдау көрсетіліп келеді.
-Бастауыш сынып мұғалімі Сарсембаева З:
-Ипотекалық кредитте қандай көмек бар?
-Ипотекалық кредитке кәсіподақ тарапынан көмек көрсетілмейді.
Одан әрі қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Күнзира Енсегенова келер жылда шығатын «Мұғалім мәртебесі» заң жобасына да қолдаушы күш кәсіподақ ұйымы екендігін атап өтті.
Жиналыс соңында ұжым қызметкерлері бүгінгі жиналыстан кәсіподақ ұйымы, қаншама атқарылған және жүргізіліп отырған жұмыстарға өз ризашылықтарын білдіре келе, облыстық және қалалық кәсіподақ ұйымына одан әрі де осындай қарқынмен жұмыс жасай беруге тілек білдіре келе, алғыстарын жеткізді.
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы
филиалының төрайымы Күнзира Енсегенова
-
Фотографии
-