Жылдық жұмыс қорытындыланды
Бүгін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Алматы облыстық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыровтың басшылығымен атқару комитетінің отырысы өтті.
Шараға атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, есепшілері және мамандары қатысты.
Жиында облыстық ұйымның ұйымдастырушылық және идеологиялық, құқықтық жұмыстары және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі бас мамандары 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндамалар жасап, қорытындысын шығарды.
Ал, күн тәртібндегі екінші мәселе бойынша облыстық ұйымның бас есепшісі Айгүл Арымбаева кәсіподақтың қаржылық - шаруашылық жұмыстарына тоқталып, түскен жарнаның жұмсалуы жайында баяндады.
Сонымен қатар, атқару комитетінің отырысында 2019 жылдың жұмыс жоспары, іс номенклатурасы, бюджеті бекітіліп, тиісті қаулылар қабылданды.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-