Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы аптқару комитетінің IV кезекті отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанда, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымының Атқару комитетінің кезекті IV отырысы, кәсіподақ төрайымы Тарбия Баймбетованың төрағалығымен өтті. Мәжіліске Атқару комитетінің мүшелері, Кәсіподақ филиалдары, колледждердің студенттік кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша колледждердің студенттік кәсіподақ ұйымдары жастар қанатының жұмыстары туралы. Маңғыстау политехникалық коледжының төрайымы Алима Құлшықова, Маңғыстау гуманитарлық колледжының төрайымы Гүлнар Зиганшина, Ақтау технологиялық қызмет көрсету коледжының төрайымы Айымгүл Жарылғасова студенттік кәсіподақ ұйымдарының атқарылған жұмыстары бойынша есептері тыңдалды.
Екінші мәселе бойынша «Бейнеу аудандық кәсіподақ ұйымы филиалының Атқару комитетінің рөлі – бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен филиалдың табысты және нәтижелі қызметінің кепілі» тақырыбында, Бейнеу аудандық кәсіподақ ұйымы филиалының төрағасы Есбергенов Рүстем өз ақпараттарымен бөлісті. Келесі мәселеде облыстық кәсіподақ комитетінің құқықтық қызметі бойынша бас маманы Храмова Наталья Станиславовна, Құқықтық қызмет бойынша атқарылған жұмыстардың сараптамасын баяндады.
Облыстық кәсіподақ ұйымының бас есепшісі Муха Инна Викторовна, Қазақстан Республикасының заңнамалық негізіне қаржы құжаттарының сай келуі (Бухгалтерлік есептілік және есебі) туралы мәлімет берді. Жиын соңында ағымдағы мәселелер талқыланып, көтерілген мәселелер бойынша Қаулы қабылданды.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы” ҚБ-нің хатшысы
-
Фотографии
-