Ордабасы аудандық комитеті аудандық мәдениет үйінде тәуелсіздік мерекесін тойлады
Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитеті аудандық мәдениет үйінде тәуелсіздік мерекесін тойлады. Мерекеге қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Тілеубердиев А.С, облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Қорғанбаев Ж.А, аудандық мәслихаттың аппарат жетекшісі Сатқанбаев К, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәрсенбеков М.Т, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сәдірмек Ә.Ш құттықтап, озат жұмыскерлер, мерейтой иелері, облыстық «Табысты менеджер-2018» байқауының жүлдегерлері мен кәсіподақ белсенділері көтермеленіп,оларға құрмеи көрсетілді. Сондай –ақ «Менің елім!» шығармашыл ұстаздар байқауының жеңімпаздарына да Дипломдар мен сыйақылар табыс етілді. Шығармашыл педагогтардың өнерін дәріптеп, жұртшылық алдында насихаттау үшін мерекеде олардың авторлық шығармалары орындалды.Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаттары: Исабаев Ә.Б, Рахиев У.Р, аудандық мәслихат депутаты Тағаев Б.Т және жеке кәсіпкер Бекеева Н. мерекелік құттықтау ретінде 450 кәсіподақ мүшесі мен өнер көрсеткен және сый –сияпатты ұсынған 50 бала мен олардың жетекшілеріне 500 дана «Қазақстан» шокаладын сыйлады. Мереке барысында кәсіподақ мүшелері «Болашақ ұрпақ» жекеменшік бөбекжай балабақшасының және облысымызға белгілі өнер иелері мен бишілер тобының өнерлерін тамашалап,көтеріңкі көңіл күймен тарқасты! Құрметті аудан және қаладағы әріптестер! Барлығыңызды да алдағы келе жатқан мерекемен және өмірлеріңізде болып жатқан табысты сәттерімен, жеңістермен, жетістіктерімен, жағымды жаңалықтармен шынайы көңілмен құттыұтауға рұқсат етіңіздер!Болаттай денсаулық пен үлкен абырой, шынайы құрмет сенімді серіктеріңіз болсын!
-
Фотографии
-