Кеңейтілген кеңес!
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан елді-мекенінің аудандық мәдениет үйінде білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитетінің кеңейтілген кеңесі өтті. Кеңейтілген кеңес мәжілісіне кеңес мүшелері, аудан әкімінің экономика және әлеуметтік сала жөніндегі орынбасарлары: Оралбаев А.Ә, Тілеубердиев А.С, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Сатқанбаев К, ҚР "Атамекен" ҰКП адами капиталын дамыту департаменті Ордабасы аудандық филиалының директоры Ақмұратов Н.Ж, әлеуметтік-әріптестік комиссия мүшелері, білім беру ұйымдарының жұмыс берушілер мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен кәсіподақ комитеті тексеру комиссиясы құрамының өкілдері, мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кеңестің күн тәртібі:
Аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі, ҚР "Атамекен" ҰКП адами капиталын дамыту департаменті Ордабасы аудандық филиалы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитеті арасындағы 2019-2021жж арналған әлеуметтік-әріптестік Келісімді қабылдау.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кәсіподақ комитетінің төраға кеңесшісі З.С.Махановаға сөз берілді. Баяндамашы Келісім жобасын таныстырар алдында ҚР ЕК талаптарына сәйкес комиссия құрылып, Тараптар арсында келіссөз жүргізілгені және жобаның алдын-ала Тараптар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарына бірнеше ай бұрын берілгені, жобаның бірлескен мәжілісте, семинарда және кәсіподақ төрағаларымен өткен кездесуде талқыланып, есеп беру-қайта сайлау жиындарында да әңгіме болғаны, Келісімнің бастапқы жобасына 15 ұсыныс берілгені және қаржы мәселесіне байланысты тұстарын нақтылау үшін аудандық бюджеттік комиссия мен депутаттық корпус депутаттарының алдына дейін мәселе қойылғаны туралы ескеріп өтті. Нақты берілген ұсыныстармен толықтырылған жаңа жобасы баяндалып, кеңес мүшелерінің талқылауына ұсынылды. Келісім жобасына байланысты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары : Ибадуллаева А, БектемисовЖ, және жұмыс беруші М.Қырықбаев тарапынан іссапар шығыны, мерзімінен бұрын аттестаттау, Келісім жобасына берілген 1- ші қосымша , сабақ кестесінің жасалуы және жекеменшік балабақша жұмыскерлеріне уақытша еңбекке жарамсыздық ақысын төлеужөнінде сұрақтар қойылып, заңнамалар шеңберінде жауап берілді және сұрақ қоюшылар жауапқа түсінгендігін білдірді. Жарыссөзде сөйлеген жұмыс беруші Накипов М және БКҰ төрағалары: Қалтай Г және Бектемисов Ж Келісім жобасы туралы пікірлерін айта келе, қолдайтындықтарын және кеңес мүшелері тарапынан қарсылық болмайтындығына сенім білдірді. Төрағалық етуші Сәдірмек Ә,Ш Келісім жобасы бойынша айтылған ұсыныстар мен пікірлерді басшылыққа ала отырып, қаулы жобасын оқыды және кеңес мүшелеріне жобаны дауысқа салып, бекітуді ұсынды.Ұсыныс дауысқа салынып, бірауыздан бекітілді. Соңынан Келісімге Тараптардың қолдары мен мөрлері қойылып, 2019-2021жж. арналған әлеуметтік-әріптестік Келісімнің қабылдануымен Тараптар: Сәрсенбеков М.Т, Ақмұратов Н.Ж, Сәдірмек Ә,Ш. бір- бірін құттықтап, қол алысып, сәттілік тіледі.
-
Фотографии
-