АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ № 15 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫ
2018 жылғы 11 желтоқсанда Астана қаласы Білім басқармасының №15 мектеп-лицейінде Астана қаласы «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағының төрайымы Б.Наурузбаеваның қатысуымен бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру жиналысы өткізілді.
Кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Дощанова кәсіподақ комитеті қызметін Жарғыға сәйкес еріктілік, демократиялық, заңдылық, ұйымдық бірлік ұстанымдары негізінде жүзеге асырылғанын атап көрсетті. Атқарылған жұмыстар жөнінде, атап айтқанда, кәсіподақ өз мүшелерінің еңбек, кәсіби және басқа да әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмысын жүргізеді.
Сонымен қатар, мекемедегі тексеру комиссиясы төрағасының есебі де назардан тыс қалмай, қанағаттанарлық деген баға берілді.
Есеп беру жиналысының соңында жаңадан қабылданған кәсіподақ ұйымының мүшелеріне кәсіподақ билеттері тапсырылды.
Төрайымның есебі жақсы деп бағаланып, кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Р.Дощанова қайта сайланды.
-
Фотографии
-