Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мересіне арналған шаралар
Барша Қазақстан халқы 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті Күні мерекесін атап өтті. Мереке күніне орай Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы да іс-шараларын өткізуде.
Кәсіподақ ұйымының қатысуымен ауданның барлық білім беру мекемелерінде түрлі шаралар өткізілді. Мазмұны мақсатына сай өткізілген игі шаралардың орындары тақырыпқа сай безендірілді.
«Президент халықпен бірге» атты кітап көрмесі, «Елбасы мұраты – гүлденген Қазақстан» атты спорттық жарыстар, «Жалынды жастар болашақ иесі» атты бәйгесінде Жосалы орта мектеп-бала-бақшасының жас мамандары қатысып, жүлделі орынға ие болды. Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Байменшина Г.С қатысушыларды мереке күнімен құттықтап, оларға сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыстады.
Бұл тәрізді шаралар әлі де өз жалғасын табады.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым
қызметкерлері кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ