Көпшіліктің көңілінен шыққан кеңес
Жаңақорған аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Ұжымдық шарттың мазмұн,мақсаты, Еңбек ұжымындағы қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету,еңбекті қорғаудағы техникалық инспекторлардың рөлін тарқатып айту,түсіндіру мақсатында ауқымды семинар-кеңес болып өтті.Семинар-кеңеске облыстық кәсіподақ комитетінің заңгерлері Утегенова Нұргүл,Жұбатқанов Ербол,аудандық мұрағат қызметкері Мұсаханова Рахат,аудандық білім мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары,еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар,іс жүргізушілері қатысты.Семинар-кеңес барысында заңгер Утегенова Нұргүл Сабырқызы «Ұжымдық шарт-еңбеккерлер мүддесін қорғау мәселесіндегі басты құжат» тақырыбына кеңінен тоқталып,Ұжымдық шарттың әр пунктіне түсініктеме бере отырып,оның заңдылығын,өзгертуге болатын тұстарын кеңінен түсіндіріп өтті.Қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар қайтарды.Бұдан кейін «Еңбек ұжымында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету,еңбекті қорғаудағы еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспектордың ролі» тақырыбында сөз өрбіткен заңгер Жұбатқанов Ербол Жүнісұлы Ұжымдағы еңбекті қорғау,еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мен еңбекті қорғаудағы техникалық инспекторлардың ролі жайлы кеңінен малұмат беріп өтті.Қатысушыллар көкейлерінде жүрген сұрақтарына заңға негізделген жауаптар ала алды.
Бұдан соң аудандық мұрағат қызметкері Мұсаханова Рахат мекемелердегі іс құжаттарын өткізудің заңдылықтары мен тәртібіне ,іс номенклатурасына тоқталып өтті.
Семинар-кеңесті қорытындылаған аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Сатершинов Елшибек Меңлібекұлы бүгінгі семинар тақырыбының өзектілігіне тоқталып,қатысушыларға,облыстан келген, семинар жұмысының тартымды өтуіне атсалысқан кісілерге алғысын білдірді.
Пазылова Айсұлу,Жаңақорған ауданы Қызылорда облысы
-
Фотографии
-