Мұғалімдер күніне арналған мерекелі «Қызық екен …» сайысы
Мұғалімдер күніне арналған мерекелі «Қызық екен …» сайысы
Мақсаты: Мерекеге орай ұстаздардың мәртебесін көтеру, білімді жас ұрпақты тәрбиелеу жолында кездесетін қиындықтарды жеңу жолында ізденіс пен табандылыққа үйреніп, тәжиірбе алмасу.
(Сахна әдемі безендірілген. Ұстаздарға арналған көңілді әуен ойнап тұрады.)
1-жүргізуші:Армысыздар, ардақты ұстаздар қауымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бала жанының бағбанына айналған сіздердің оқушылар өмірінде алатын орындарыңыз ерекше. Өйткені сіздер оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беріп, ізгілік нұрын құюдасыздар. Сол үшін де сіздерге мың алғыс! Ендеше өздеріңізге арналған мерекелік сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1. «Жас қыран» ұйымының атынан 1-сынып оқушыларының әдемі биі
2-жүргізуші: Ал енді ұстаздардың қатысумен өтетін «Қызық екен» ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.
(ер адамдардан ұстаздар 1 топ, әйел ұстаздардан 1 топ болып 2 топқа бөлінеді. Әр топтан үш-үштен ойынға қатысатын мұғалімдер іріктеледі, қалғандары өз топтарының ойыншыларына демеуші ретінде қатысады.)
Ойын шарты таныстырылады. Екі топқа барлығы 13 сұрақ қойылады.
1 сұрақ.Жапон мектептерінде оқушылар сабаққа неге кешігіп келмейді?
Мектепті ішінен жауып алады+
Кешіккен оқушыларды жазалайды
Оқушылар мектепте қонады
2-сұрақ.Піскен жұмыртқаны бөтелкенің ішіне қалай кіргізуге болады?
Суық су арқылы
Ыстық су арқылы+
Жылы су арқылы
3-сұрақ.АҚШ-тың мемлекеттік туындағы жұлдызшаларды кім ойлап тапқан?
Мұғалімдер
Қаңғыбастар (БОМЖ-дар)
Оқушылар+
4-сұрақЖалақыны ең көп алатын мұғалімдер қай елде?
Швейцарияда+
Қытайда
Қазақстанда
5-сұрақМұғалімдер күні алғаш қай елде атап өтілді?
Жапония
АҚШ
КСРО+
6-сұрақКентавр туралы аңыздардың кейіпкері, прототипі кімдер?
Сақтар+
Қазақтар
Ғұндар
7-сұрақЕң ұзын әліпби қай елде?
Америкада
Италияда
Камбоджияда+
8-сұрақ“Бамбук” деген не?
Ағаш+
Шөп
Гүл
9-сұрақЕң жылдам ұшатын жәндіктер?
Ара
Маса
Инелік+
10-сұрақОңтүстік Америкалық бақалардың бақашабақтарының ерекшелігі?
Есейген сайын денесі өседі
Есейген сайын денесі кішірейеді+
Денесі туғандағы қалпын сақтайды
11-сұрақҚай қолдың тырнақтары тез өседі?
Оң қолдікі
Сол қолдікі
Көбірек қимылдайтын қолдың+
12-сұрақЕсінеу кезінде қандай процесс іске асады?
Миға оттегі барады+
Ұйқы келеді
Ұйқысы ашылады
13-сұрақМидың салмағы кімдерде көбірек?
Еркектерде+
Әйелдерде
Екеуінде де бірдей
ӘН. Казирбекова Жанеркенің орындауында «Ұстазым» әні .
Мереке соңында барлық оқушылар «Ұстазым» әнін хормен айтып, мұғалімдерге естелік сыйлықтар таратады.
«Шынқожа батыр атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
-
Фотографии
-