Ерен еңбек- өнегелі өмір
Ерен еңбек- өнегелі өмір
Ұстаз жолықызық та қиынжол. Мұғалім болу кезкелгенніңқолынанкелсе де, екініңбірініңқолынаннағызұстаз болу келебермесіанық.
«Бала – балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе, ұстаздың өз қолында» дегендей,өзінің сүйіктіісі – бала тәрбиесін өмірінің мәніне айналдырған ағамыз Төлеген Көкетаев.
Көкетаев Төлеген 1950 жылы 2 қаңтарда Сарыағаш ауданы қазіргі «Сіргелі» елді мекенінде жұмысшылар отбасында туылған.Ол 1968 жылы Сарыағаш қаласындағы Ильич атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы Ташкент шаһарындағы Низами атындағы Мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетіне қабылданады.
1972 жылы аталмыш институтты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шығады.
Еңбек жолын М.Лермонтов (қазіргі Төле би) атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып бастайды.
1973-1974 жылдары Кеңес Армиясы қатарында Германияда қызмет етті.
Ұстаз бұл жолда әрине, қыран қанатындай қажымас қайрат, қиындықтан қайтпайтын, таудай талап керектігін үнемі жадында ұстайды.
1975 жылы Сарыағаш аудандық білім бөлімінің әдіскері,1983-1985 жылдары Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-интернаты директорының оқу ісі орынбасары болып істейді.
Ұлағатты ұстаз өзінің өмірлік ұстанымынан айныған жоқ.
1985 жылдан 1988 жылдың қараша айына дейін Сарыағаш ауданының білім бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарады.
1988 жылы Мичурин (қазіргі Алыбай батыр) атындағы орта мектебінің директоры, 1990 жылдан 2008 жылға дейінқазіргі Төле би атындағы орта мектебінің директоры, 2008 жылдан 2013 жылдың қаңтар айына дейін М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебінің директоры қызметінде жұмыс атқарды.
Өзінің ұзақ жылғы мектепті басқару тәжірибесінде балаға деген шынайы махаббат сезімін, оқушылар мен мұғалімдер және ата-аналар ұжымына сенім білдіруді, ізгілік және демократизм принциптерін, педагогикалық ынтымақтастық идеясын басшылыққа алды.
2013 жылдан бері зейнеткер.Сарыағаш аудандық білім бөлімінің кәсіподақ комитетінің маманы. Ақылшы ұстаз әрқашанда өзінің мол тәжірибесін жастарға үйретуден жалыққан емес. Міне, осындай бар саналы өмірін өзі сүйген қызметке арнап, баршаның ардақтысына айналған мектеп басшысының қол жеткізген жетістіктері де жоқ емес. Ол жақсы ұстаз ғана емес, білікті маман және оның еңбегі ескерусіз қалған жоқ.ҚР білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен,облыстық,аудандық білім бөлімдерінің,аудан әкімінің,облыстық кәсіподақ Комитетінің көптеген грамоталарымен марапатталған.ҚР білім беру ісінің үздігі, Сарыағаш ауданы білім беру ісінің құрметті ұстазы, ОҚО білім және ғылым мекемелері кәсіподақ комитетіне еңбегі сіңген қызметкер. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен ,сондай-ақ 2017 жылы «Еңбек ардагері»медалімен марапатталған.
Т.Көкетаев-өнегелі отбасы. 5 ұл-қыз өсіріп тәрбиелеген.
Жұбайы-Маханбетиярова Рыскүл ауданға танымал ұстаз. Қазір зейнетте.
Көкетаев Төлеген аудан тұрғындары арасында үлкен беделге ие. Аудандық ардагерлер Кеңесінің алқа мүшесі. Аудандық кәсіподақ комитетінің маманы ретінде кәсіподақ мүшелерінің құқықтық оқуларын ұйымдастырып, еңбекші халықтың, білім қызметкерлерінің құқықтық сауаттылықтарын арттыруда көп еңбектеніп келеді. Республикалық, облыстық және аудандық газет беттерінде кәсіподақ өмірі жайлы жазылған бірнеше мақалалары жарияланды.Бастауыш кәсіподақ ұйымдары жетекшілерімен мазмұнды семинар-кеңестер, сұхбаттар ұйымдастырып отырады. «Ісің оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз. Даңқың шықсын десең, көпшіліктің адамы болыңыз» деп әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби айтқандай, өз ісінің білгірі болғанТ.Көкетаев өзінің мол тәжірибесін келешегіміз-жастарға үйретуден жалықпайды.
Т.Көкетаевтің ерекше қасиеті оның қарапайымдылығы.Дана Абай да өз кезегінде: "Естілердің айтқан сөзін ескеріп жүрген кісі, өзі де есті болады" деген болатын. Жақсы ұстаз болу - кез келгеннің қолынан келе бермейді. Ол да өз алдына өнердің бір түрі іспеттес. Ол үшін бүкіл өміріңді сарп етуге тура келеді. Сонда ғана шәкірт жанын айтқызбай түсінетін, қалай және нені оқыту керектігін меңгерген майталман маман болып шығу бақыты бұйырады
Сөз соңында еңбегімен елге танылып, өнеге өрбіткен Төлеген Көкетаевқа әрдайым абырой биігінен көріне беруіне шын жүректен тілектестігімізді білдіреміз. Көргені көп, өмірден түйгені мол осындай ұлағатты ұстаздарды өскелең ұрпаққа өнеге ету біздің парызымыз.
Сарыағаш ауданы№21 Яссауи жалпы орта мектебінің
кәсіподақ ұйымының төрағасыОмаров Бахыт
Қанмен тараған қасиет
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау,
өзгенің уақытын аялау»
француз ойшылы Жан Жак Руссо
Біздің әрбір күніміз тарихтың бір парағы. Ал елдің тарихын ұлы тұлғалар жасайды. Қазақ елінің тарихында бүкіл алашқа аты мәлім тұлғаларымыз жеткілікті. Осы тұлғалардың ел қамын ойлайтын атпал азамат болып жетілуіне қанмен берілген тектілік қасиет болса, сол қасиетті ары қарай жетілдіретін , дамытатын, көзге көріне бермейтін қырларын ашатын адам бар. Ол – Ұстаз. Ұстаз- бұл білім кені, ал білім ізгілікке, жақсылыққа жетелеуші шамшырақ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір маманддық егесіне қарыздар. Ол- ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстауы мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Білімді құрметтемеген, ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайтындығы, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алмайтындығықасиетті Құранда да жазылған. Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын - Аристотельді, Абылай хан - Төле биді, Шәкәрім - Абайды, Бердақ - Күнқожаны, Жамбыл - Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген. Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деп еске алатын болған екен. Сондықтан да, ұстазды сыйлау – өмірдегі бір борышың.
Елбасымыз «Қазақстанның болашағы қазір мектеп партасында отырған оқушылардың қолында» - деген болатын. Сондықтан Қазақстанның кемел болашағы үшін, сәт сайын құбылатын нарық заманында қатаң бәсекеге төтеп бара алатын білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін қазіргі кезде мектептерде білім жүйесінің реформалары жүріп жатыр. Осы реформаларды жаңаша ойлай білетін, білімі мен білігі жоғары деңгейдегі ұстаздар ғана жасай алады. Осындай ұстаздардың бірі әрі бірегейі деп мен Т.Айбергенов атындағы жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Темірбаева Шарипа Құралқызы деп айтар едім. Ұстаздық деген ұлы мамандықтың қасиеті жүрек қалауымен ғана емес, қан арқылы сіңірген Шарипа апай қиын да қызықты еңбек жолын 1978 жылы қазіргі М.Мақатаев (бұрынғы Фурманов сегізжылдық мектебі) мектебінде тәлімгер (пионервожатый) болудан бастады. Қанмен келген қасиет деуімнің де сыры бар. Өйткені бұл ұстаздың, яғни Шарипа апайдың ата-анасы сол мектептің ұлағатты ұстаздары Темірбаев Құрал ағай мен Темірбаева Жамила апай еді. Ғылым падишасы атанған математика пәнінің майталманы Құрал ағай - ауданға белгілі мықты маман екенін мойындатқан ұлағатты ұстаз болды. Жамила апай физиканың «жілігін шағып, майын ішкен» білікті ұстаз еді. Осы жолдардың авторының ұстаздыққа бет бұруы да әуелі Алла, одан кейін осындай тамаша ұстаздардан тәлім алуым деп санаймын.
Бұл отбасынан ұстаздық жолды таңдаған ұрпақтардың жалпы педагогикалық өтілін есептесек 190 жыл болыпты. Екі ғасыр бойы бұл әулет қазақтың ұрпағын тәрбиелеп келеді. Қоғамға, мемлекетке қаншама маман, қаншама азаматтарды тәрбиеледі десеңізші. Шынында да баршаға үлгі болатын отбасы десек болады. Ұлағатты отбасында тәрбие алған Шарипа апай ұядан ұшқанда осындай текті қасиетті ала кетті. Жүрегінің қалауымен таңдаған мамандықты сол кездегі еліміздің астанасы Алматы қаласында «ұстаздардың шеберханасы» атанған Қазақ Мемлекеттік университетінде білім алды. Т.Айбергенов атындағы № 39 жалпы орта мектебінің негізін қалауға белсене атсалысқан Шарипа апай бар күш-жігерін, білім-білігін ұрпақ жүрегіне білім нәрін егуге жұмсады.Уақытпен санаспай еңбектеніп, өз тәжірибесін ұштап өзі де, шәкіртін де білім шыңына шығара алды. Еңбектері бағаланып аудандағы өз пәні бойынша ең білікті маман дәрежесіне көтеріле білді. Үздік педагогикалық тәжірибесі аудан, облыс көлемінде таратылды.Қазақ тілінің құпиясы мен қасиетін оқушы жүрегіне қондыра білген ұлағатты ұстазды шәкірттері әрдайым құрмет тұтады. Шарипа апайдың тәлімді тәрбиесін алған шәкірттер қазір егемен еліміздің сан алуан түкпірінде ел игілігі үшін еңбек етуде. Апайдың шәкірттерімен кездескенде, олардың туған анасын көргендей қуанышқа бөленгенін көргенде нағыз ұстаз бақыты осы екен деп қаламын. Мұндайда қуаныш екі жақтама болатынын байқайсың. Біріншіден, өмірдегі орнын табуға бағыт-бағдар берген ұстазын көрген шәкірт қуанышы, екінші жағынан шәкіртінің жеткен жетістігіне ұстаз-ананың қуанышы. Шарипа апай тек білікті ұстаз ретінде ғана емес, мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласқан азамат ретінде де белгілі. 1994- 2008 жылдары арасында мектептің кәсіподақ төрайымы міндетін абыроймен атқарды. Мұғалімдердің мүддесін қорғау, оларға қолайлы жұмыс жағдайын жасау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және заңсыздықтардан қорғау сияқты жауапкершілігі жоғары жұмыстарды жүйелі жүргізе білді. Сондықтан біздің мектеп мұғалімдері Темірбаева Шарипаны білікті, ұлағатты ұстаз ретінде ғана емес, мықты кәсіподақ қызметкері ретінде де қатты құрметтейді. Темірбаева Шарипа тек білімді ғана емес, сонымен бірге өнерлі ұстаз. Мектепте құрылған «Асыл әжелер» тобының белсенді мүшесі. Мектепте, ауданда болып жатқан түрлі іс-шаралардың үздіксіз қатысушылары ретінде өз өнерлерімен ел-жұрттың құрмет-қошеметіне бөленуде. Шарипа апайдың осынау еселі еңбегі өзінің лайықты бағасын алды. Ұрпақ санасына сапалы білім мен саналы тәрбие сіңірудегі елеулі жетістіктері үшін бірнеше рет облыстық білім басқармасының, аудандық білім бөлімі мен аудан әкімінің Мадақтамалары,
«Білім беру ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин» медалдарымен марапатталды. 2018 жылы мектеп ұжымы құрметті ұстазды үлкен қошеметпен, қимастықпен зейнеткерлікке шығарып салды.
Темірбаева Шарипа тек ұлағатты ұстаз ғана емес, ұл-қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана, ардақты әже. Құдай қосқан қосағы Қылышбаев Әбдіраш екеуі немере тәрбиелеп отырған ата-әже. Әулетке ғана емес, бүкіл ауылға үлгі-өнеге болып отырған Шарипа апайымызға біз де еңбегіңіздің зейнетін көріңіз, өсіріп отырған ұл-қыздың, немере-шөберелердің қызығына тоймай ұзақ өмір сүріңіз дегіміз келеді.
Т.Айбергеноа атындағы №39 жалпы орта мектебінің
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасыМамбеталиев Абдиманап