Кәсіподақ – қызметкердің жанашыры, жақсылықтың жаршысы
«Елбасының жолдауы аясындағы білім саласының өзекті мәселелері» тақырыбының аясында 22, 24 қараша күндері Тарбағатай және Күршім аудандарында Шығыс Қазақстан білім беру және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен екі кездесу өтті.
Екі аудандағы да жиналыстың мақсаты Елбасының 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауы аясындағы білім саласының өзекті мәселелері бойынша Білім және Ғылым министрлігі ұсынып отырған Заң жобасының Концепциясымен таныстыра отырып, осы мәселелерге біліп және ұстаздар қауымының көзқарастары мен ұсыныстарын білдіру болып табылатынын атап өткен Тарбағатай ауданының білім бөлімінің басшысы Елеубаев Б.Б. алғысын білдіріп сөз тізгінін Н.Б. Қасеноваға берді.
Назгүл Базарбаевна көпшікті толғандырып жүрген қоғам алдындағы мұғалімнің мәртебесі жайында мысалдар келтіре отырып біраз ой қозғады және заңмен белгіленетін мәртебесіне қосымша мұғалімнің өз мәртебесі өз қолында екенін, әдептік нормаларды ұстанбаған ұстазды қоғамға күштеп сыйлата алмаймыз деп ойын түйіндеді. Осы жобаның маңыздылығы Елбасы тапсырмасы аясында облыстың барлық аудандарында таныстырылып, ұстаздардың ұсыныстары қарастырылып, зерттеу, зерделеу жұмыстары жүргізілетіні туралы айттты.
Базилова Н. Білім және Ғылым Министрлігі ұсынған Заң жобасымен таныстырды.
Елбасы Н. Назарбаев: Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінге мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс» - деп баса айтқаны ұстаздар қауымы үшін әрине қуантарлық жағдай.
Аталған екі аудандағы кездесу барысында ұстаздардың баса айтқаны педагогтардың кәсіби этикалық нормаларын осы заң жобасына жеке тарау етіп, ал оны бұзған жағдайда қолданылатын шараларды толық қарастыру (педагогтың әдеп кодексы немесе қағидалары); педагогикалық әулеттер (династия) үшін үкімет тарапынан қосымша жеңілдіктер қарастыру және т.б. ұсыныстары көпшілік көңілінен шықты.
Кездесуден кейін облыстық кәсіподақ төрағасы Н. Қасенова мен Күршім ауданы Әкімінің аппарат жетекшісі А. Әбілмажиновпен болған жеке сұбхатта аудан ұстаздарына әкімиат тарапынан жасалып отырған әлеуметтік қолдау шаралары туралы пікір алмасты.
Гүлнар Мукушева
-
Фотографии
-