«Ризашылық» қайырымдылық шарасы
2018 жылдың 28 қараша күні «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесі Сара Алпысқызының бағдарламасы бойынша дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін «Ризашылық» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Шараның мақсаты қоғамның, жұртшылықтың назарын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымды іс-әрекеттерге, мейірімді көзқарастар қалыптастырып, олардың болашағының жарқын болуына ықпал ету.
Шарада мемлекеттік, өндірістік, қоғамдық мекемелердің басшылары мен өкілдері қатынасып балаларға жігерлі, білімді, мықты болып өз мақсаттарына жете берулеріне тілектерін білдірді.
Облыстық балалар ауылы мен демеушілер арасында тығыз байланыс қалыптасқан. Облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Тарбия Анайбекқызы Баймбетова да мекеме ұжымына, педагогтары мен аналарына қызметтеріне табыс пен жетістіктерге жете берулеріне өз алғысын жеткізді.
Балаларға неше түрлі тәттілер тарту етілді. Шара соңы тәрбиеленуші балалардың шағын концертіне ұласып, ризашылықпен тарқасты.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы” ҚБ-нің хатшысы
-
Фотографии
-