Жаркент өңірінде семинар өтті
Бүгін білім және ғылым қызметкерлері Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің желілік кестесіне сәйкес «Кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру тәртібі» тақырыбындағы оқыту семинары болып өтті. Семинарға 66 бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы тексеру комиссиясының төрағалары қатысып, өздерінің білімдерін жетілдірді.
Семинар жұмысын аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Әділұлы ашып, жүргізді.
Шара барысында аудандық кәсіподақ комитеті тексеру комиссиясының төрағасы Қуаныш Асқарұлы баяндама жасады. Баяндамашы тексеру комиссиясы өз қызметін кәсіподақ Жарғысына, кәсіподақтың аумақтық ұйымының Жарғысына және бақылау-тексеру органдары туралы Ережеге сәйкес жүзеге асыратыны туралы айтып, оның жұмысын ұйымдастыру тәртібіне тоқталды.
Сонымен қатар Ж.Босақов атындағы орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы тексеру комиссиясының төрайымы К.Тіленшиева сөз сөйледі. Ол тексеру комиссиясының жұмысы мен іс-қағаздарын жүргізу бойынша өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Қатысушылар семинар жұмысында белсенділік танытты. Күн тәртібіндегі тақырып бойынша өзекті сұрақтар қойылып, оған аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков, тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Шаяхметов нақты мысалдар келтіру арқылы жауап берді.
Жансая КЕНЖЕБЕК,Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты
Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің маманы
-
Фотографии
-