Есеп беру-қайта сайлау жиналысы
12.11.2018 ж. Түркістан облысы, Сайрам ауданы №42 Фурқат атындағы жалпы орта мектебінде есеп беру сайлау жиналысы өтті. Жиналысқа аудандық кәсіподақ комитетінің төраға кеңесшісі С.Сейдалиева мен аудандық кәсіподақ комитетінің маманы У.Ташимова қатысты. № 42 Фурқат атындағы жалпы орта мектебінде кәсіподақ мүшесі саны -308 адам, кәсіподақ комитеті – 7 адам, тексеру комиссия – 3 адамнан тұрады, кәсіподақ комитетінің төрағасы - Раимкулов Толкунжан Равшанбекович. Жиналысқа барлық мектептегі кәсіподақ мүшелері санынан 2\3 бөлігі қатысты. Бірінші кезекте Кәсіподақ комитеті төрағасының баяндамасы, тексеру комиссиясы төрағасының баяндамасы тыңдалды. Қатысушылар кәсіподақ комитетінің жұмысына қанағаттанарлық деген баға қойып, әрі қарай осы құрамында жұмыс істесін деп ұсыныс білдірді. №42 Фурқат атындағы жалпы орта мектебінің кәсіподақ мүшелері бірауыздан кәсіподақ комитетінің төрағасы Толкунжан Раимкуловты қайта сайлап,жұмысына табыс тіледі. Артынша сөз кезегі С.Сейдалиеваға берілді. С.Сейдалиева мектептердегі өзекті мәселелерге тоқталып, Қазақстан Республикасының Президенті,Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауындағы білім саласына қатысты мәселелер туралы айтты. С.Сейдалиеваға кәсіподақ мүшелері тарапынан кәсіподаққа қатысты біршама сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, сұрақ қоюшылар қанағаттанарлық жауаптарын алды.
-
Фотографии
-