Құқықтық жалпы оқыту семинар - кеңесі
Ақтау қаласының №11 мамандандырылған математика – физика мектебінде ү.ж. 9 қараша күні, білім ұйымдарының басшылары мен кадр жөніндегі мамандар және кәсіподақ төрағаларымен біріккен жиын өтті.
Жиынға 100-ге жуық білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты.
Әлеуметтік әріптестік шаралары аясында, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі, Ақтау қалалық білім бөлімі, «Атамекен Сервис» жеке меншік серіктестік бірігіп ұйымдастырылған семинар-кеңес болды.
Семинар-кеңес, Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек Кодексінің негізгі ережелері және еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша құқықтық жалпы оқыту түрінде өтті.
Семинар барысында, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің құқықтық жұмыстары жөніндегі бас маман Наталья Станиславовна «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстандық салалыұ білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің арасындағы 2018 - 2020 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісім, ҚР ЕК баптарына толықтай мәліметтерді берді, «Атамекен Сервис» ЖШС – сі дайындаған слайдттар да көрсетілді.
Жиын соңында түрлі сауалдарға толыққанды жауаптар берілді.
Маңғыстау облыстық кәсіподағы ұйымының
маманыА. Б. Аманиязова
-
Фотографии
-