Әлеуметтік әріптестік шаралары аясында өткен республикалық семинар-прктикум
Әлеуметтік әріптестік шаралары аясында Ақтау қаласында ү.ж. қараша айының алғашқы күндері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Маңғыстау облысының білім басқармасы, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі бірлесіп «WorldSkills International халықаралық қозғалысы стандарттарын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне енгізу тәжірибесі» тақырыбында республикалық семинар-практикумды ұйымдастырып өткізді.
Бұл шара Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы жолдауының аясында жалпы Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру, сонымен қатар орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аудару, жастарды аталған салаға тарту, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуі тиіс, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті техника саласындағы мамандарды даярлау бағыттарындағы нақты тапсырмаларды іске асыру аясында өтті.
Республикалық семинар-практикумға қатысушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің өкілдері, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, «Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ, Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы, облыстардың білім басқармалары, колледж басшылары, оқу-әдістемелік орталықтарының өкілдері, өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен жұмыс берушілердің өкілдері.
Аталған республикалық маңызды шарада «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ-нің бас маманы Иманбаев Ернар Сериккалиевич пен құқықтық қызмет жөніндегі маман Қыдырбаева Райхан Мамашиевна «Білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподақтың жұмысы туралы» баяндады. Семинар барысында туындаған сала қызметкерлерінің сауалдарына нақты жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Маңғыстау облыстық кәсіподағы ұйымының маманыА. Б. Аманиязова
-
Фотографии
-